Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

 

  • 17 Сәуiр 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Судья Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, істі болып жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Көкшенов ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Сондай-ақ, тергеу судьясының қаулысында сотталушылар бостандықта болған кезде қылмыстық іс бойынша объективті талқылауға кедергі келтіруі немесе соттан жасырынуы мүмкін екені қаралып жатыр. Сонымен қатар, А. Мұхамедиұлының ауруы бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Сот Төлеевтің А.Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартады», — деді сот залында судья Бағлан Ыдырысов.

Сондай-ақ, судья Көшеновке қатысты қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасын өзгерту өтінішін де қанағаттандырмай тастады.


Бұған дейін Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сот басталғанын жазған едік.

Айта кетейік, іс Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралып жатыр.

Еске салсақ, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамалған болатын.

Соңғы жаңалықтар