Жарияланды: 570

Сот кәсіпкер әйелдің «Казахстанская правда» газетіне берген шағымын қанағаттандырмай тастады

Алматы қалалық соты лауазым иесіне пара бергені үшін сотталған Мейізгүл Әбдіқажымованың ар-ожданын қорғап, «Казахстанская правда» газеті мен оның тілшісіне берген шағымын қанағаттандырмай тастады.

«Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2011-ші жылғы 16-шы сәуірде «Казахстанская правда» газеті мен оның тішлісі Наталья Валуйскаяға, ар-ожданын қорғап және моральдық шығынын талап етіп, кәсіпкер М. Әбдіқажымованың берген шағымын қанағаттандырмай тастаған сот шешімін бұздыру мақсатында аппеляциялық сатыға шағымданған шағым беруішінің өкілдеріның шағымын аппеляциялық саты да қанағаттандырмай тастады», - деп сейсенбі күні сотта төрағалық еткен Алматы қалалық сот судьясы Зулпықар Сеитов мәлім етті. Еске салсақ, ағымдағы жылы қаңтарда Алматының қаржы полициясына пара бермекші болғандығы үшін айыпталып, тергеу абақтысында жатқан М. Әбдіқажымова 2010-шы жылы 30-шы қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Захлебнулась в собственной клевете» («Өзінің жаласына өзі тұншықты») деген мақалада өзінің ар-ожданына нұқсан келген деп, газет пен оның тілшісін сотқа берген. Ол шағымында негізінен мақала тақырыбын теріске шығаруды, мақаладағы жекелеген теңеулерді өзгертуін, сондай-ақ моральдық шығынын 1 теңге мөлшерінде өтеп беруін талап еткен. Бұл ретте, жауап беруші ретінде сотқа тартылған, соның атымен мақала басылып шыққан басылымның алматылық тілшілер қосынының журналистердің біреуі, редакцияның Астанадағы бас кеңсесінде мақала автордың келісімінсіз түзетілген соң толығымен өзгеріп кеткен деп ақталды. Сөйтіп, мақала сотқа тартуына себеп болып отырған теңеулермен басылып шыққан. Кейін Алматының Медеу аудандық сотындағы азаматтық істің алғашқы отырысында қамаудағы кәсіпкердің мүддесін қорғап отырған адвокат Елена Рәбенчук өзінің клиентінің моральдық шығынын Т1-ден Т10 млн-ға дейін көтеретінін мәлім етті. 5-ші сәуірде Алматының Бостандық аудандық соты М. Әбдімәжіноваға «Казахстанская парвда» газеті мен оның тілшісіне ар-ожданын қорғап, моральдық шығынын өндіріп алмақ болып берген шағымын қанағаттандырмай тастады. Өз шешімін судья Л. Ляер мақалада келтірілген мәліметтер Алматының қаржы полициясының ресми ақпараттық баянынан алынған, сондай-ақ ЭҚСЖҚКД бастық орынбасары А. Мұхамадиев өткізген баспасөз мәслихатынан алынды деп негіздеді. Ол баспасөз мәслихатында көрсетілген бейнематериалда М. Әбдімәжінованың лауазым иесіне пара беріп жатқандығы көрсетіледі. Мұның барлығы мақалада жазылған жәйттерге толығымен сай келеді, дейді судья. 12-ші сәуірде Ж. Әбдікәрімованың төрағалығымен өткен Алматының Медеу аудандық соты айыпты кәсіпкерді мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар қорғаушылар жағы пара беру жөніндегі үкімді де жоғарғы сатыда бұздыруға әрекеттенбекші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін