Сот "Манас" әуежайын бүтіндей мүліктік кешенін кепілге қоюға міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот "Манас" әуежайын бүтіндей мүліктік кешенін кепілге қоюға міндеттеді

Сот "Манас" әуежайын бүтіндей мүліктік кешенін кепілге қоюға міндеттеді

Бішкек. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сот Қырғызстанның басты "Манас" әуежайын өзінің бүтіндей мүліктік кешенін кепілге қоюға міндеттеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Бұл кешеннің құрамына халықаралық аэровокзал ғимараты, аэродром бөліктері мен осы ғимараттар орналасқан жер телімдері кіреді. Осының бәрі Қырғызстанның Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік экономикалық даму қорына кепілге қойылады. Ол жалпы сомасы 1,5 млрд сом болатын және қазір игеріліп қойылған Жапония несиесін қамтамасыз ету үшін қажет болды», — деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Елдің екінші әуежайы саналатын «Ош» әуежайының да мүліктік кешені ол жөндеуден өткізілу және 45,3 млн доллар көлеміндегі қарыз алу үшін кепілге алынды. Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Дүниежүзілік банк пен Алматыдағы Ислам даму банкінің өңірдегі өкілдігіне сұраныс жолдаған. Министрлік Ош және Ыстықкөл әуежайларын жөндеуден өткізуді қаржыландыру мүмкіндігін өтінді. Қазіргі таңда «Манастың» бір акциясының нарықтық бағасы 22 сом. Құнды қағаздардың жалпы саны 270 869 044, жалпы нарықтық капитализация — 613 118 968 сом. Еркін айналымдағы қарапайым акция мөлшері — 12,48 пайыз.

«Халықаралық «Манас» әуежайы» ААҚ мүліктік кешенін кепілге қою процедурасына түсініктеме бере тұрып, Қырғызстан Республикасының қаржы министрі Тәжқан Қалымбетова бұның әуежайдың өзіне еш қауіп әкелмейтінін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті