Сот Матаевтардың үкімін аздап қана өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Матаевтардың үкімін аздап қана өзгертті

Сот Матаевтардың үкімін аздап қана өзгертті

Астанада бүгін Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот шешімі шықты.

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 942
Фото - Caravan.kz

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Астана қалалық соты апелляциялық алқасының судьясы Алма Есімова Матаевтардың сот үкіміне берген шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Судья үкімнің тек бірер тұсына өзгерту енгізуге шешім шығарды, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Судья Матаевтардың шағымы бойынша қаулыны бір сағатқа жуық оқыды. Қаулыда алғашқы сот инстанциясында айтарлықтай заң бұзу болмағаны, ал аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісін куәгерлердің жауаптары мен сот материалдары дәлелдегені айтылады.

Апелляциялық алқа үкімнің Матаевтарға мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру және материалды бөлуге жауапты басшылық қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салу туралы тұсымен келіспейтінін, себебі сотталушылар "коррупциялық қылмыс жасамағанын" айтты. Сот өмір бойына тыйым салуды алты жылға тыйым салумен алмастырды.

Судья айыпталушы тарап апелляциялық сот шешімімен келіспесе Жоғарғы сотқа шағымдана алатынын айтты.

Сейітқазы Матаевтың жұбайы, сотта қоғамдық қорғаушы болған Баян Рамазанова Азаттыққа сот шешіміне шағымдана беретінін, істі БҰҰ-ға дейін жеткізетінін айтты.

3 қазанда Астананың Есіл аудандық соты Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты "қаржы жымқырды" және салықтан жалтарды" деген айыптармен 6 жылға соттаған. Ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев "қаржы жымқырды" деген айыппен бес жылға сотталған. Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне — 169 миллион теңге, "Қазақтелеком" компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс болды. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімдері), оның ішінде Ұлттық баспасөз клубы мен бірнеше көліктері тәркіленетіні айтылды.


Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды және істі "тапсырыспен жасалған" деп біледі.

Бұған дейін ЕҚЫҰ, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі, Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) Матаевтардың сотталуын айыптап, Қазақстан үкіметін барлық азаматтың ой-пікір еркіндігін білдіру құқығы мен заңды тұрғыдан қорғану құқығын құрметтеуге шақырған.

Соңғы жаңалықтар