Сот орындаушы Сәуле Әбілдаханқызына: Ертең "арестті шешіңізші" деп күшік құсап қыңсылап алдыма келесің! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот орындаушы Сәуле Әбілдаханқызына: Ертең "арестті шешіңізші" деп күшік құсап қыңсылап алдыма келесің!

Сот орындаушы Сәуле Әбілдаханқызына: Ертең "арестті шешіңізші" деп күшік құсап қыңсылап алдыма келесің!

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Сот орындаушысымен болған жағдаймен бөлісті.

  • 6 Желтоқсан 2022
  • 1209
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Алаяқтардың мынадай түрі сіздерге звондады ма?

ЦОНнан хабарласып тұрмын деп мына нөмірден звондады: +7 708 723 6519. Өзін Аида Нұржанова деп таныстырды.

— Сот орындаушысы бізге хабарласты, сіздің барлық шоттарыңызға арест қоямыз.

— Не үшін? Себеп?

— Сіздің мемлекетке, банктерге ешқандай қарызыңыз жоқ па еді, салық, несие, қандайда бір сот ісіне қатысты қарыздарыңыз жоқ па?

— Жоқ, ешқандай қарызым жоқ.

— Ендеше мен әзірше арестке қоймай тұрайын, сізге сот орындаушысының нөмірін берейін, соған хабарласып, мәселеңізді сағат 15.00-ге дейін шешіңіз. Сосын маған хабарлап айтыңыз. Әйтпесе сіздің шоттарыңызды арестке қоямыз.

— Жақсы, нөмірін беріңіз.

— 8 702 345 6939 Орманов Дастан.

Хабарластым.

— Сәлеметсіз бе! Дастан деген сот орындаушысы сіз бе?

— Иә.

— Маған ЦОНнан звондап, сіздің нөміріңізді берді. Менің шоттарымды арестке қоймақшы екенсіз.

— Сіз кімсіз?

— Әбединова Сәуле.

— Иә, ондай бар.

— Арестке қоюға не себеп екенін білсем деймін.

— Сіздің бәленше деген ағаңыз бар ма?

— Бар.

— Сол кредит алған, сіз оған гарант болғансыз.

— Мен өмірімде ешкімге гарант болған емеспін, ағама да гарант болған емеспін.

— Оны сотта дәлелдейсің. Немесе бүгін сағат 5-ке дейін ағаңыз 161 мың теңге Каспибанкке құйып, чегін көрсетесің.

— Оны сол кісімен шешіңіздер. Мен оның кредит алғанын да білмеймін, гарант та болған емеспін. Сот орындаушы болсаңыз, неге алдымен өзіме звондамай, ЦОНға звондағансыз?

— Маған олай айғайлама. Ертең "арестті шешіңізші" деп күшік құсап қыңсылап алдыма келесің, быды-быды деп, аузына келгенді оттап айғайлап кетті.

— Мен сізге айғайлап тұрған жоқпын, адам сияқты айтып, түсіндіріп тұрмын. Айғайлап тұрған сізсіз ғой.

Шынында, мен айғайлаған жоқ едім. Қуып бірдеңедерді айтып жатыр: "Сен гарант болғансың, сенің куәлігіңнің көшірмесі, қолың тұр. Қыңсылап алдыма келесіңдер ертең, арестті шеш деп. Арестті шешуге 380 мың төлейсіңдер, сонда көрем сендерді… сотта дәлелдейсің…" Тағы бірдеңелерді айтып, қатын құсап көкбеттеніп, аузы көпіріп жатыр…

Қалай болса, солай сөйлеп тұр, тексіз неме! Қаным басыма бір-ақ шықты.


— Сот орындаушы алдымен соттың шешімін көрсетеді. Сот шешімін көрсет маған. Шешімі жоқ па, ендеше басымды қатырма. Кет жоғал!

* * *

Тұтқаны қойып, ЦОНнанмын деген Аидаға қайта хабарластым.

— Сот орындаушысымен сөйлестім. "Ағаңа гарант болғансың" дейді, мен ағама да, басқаға да ешқашан гарант болған емеспін.

— Ендеше сіз ағаңызға звондап айтыңыз, несиесін төлесін, әйтпесе мен сіздің шотыңызды арестке қоямын.

— Сендер сот орындаушысымен бірігіп алаяқтық жасап отырған шығарсыздар, мен қайдан білем. Менің Каспиголдтан басқа шотым жоқ, бір тиын ақшам да жоқ. Арестке қойсаң қой. Сотта кездесеміз.

* * *

Ал енді айтыңыздаршы, достар:

1. ЦОН қызметкері шоттарды арестке қоя ала ма, ондай өкілеттігі бар ма?

2. Сот орындаушысы деген, аты айтып тұрғандай, соттың шешімін орындауға тиіс емес пе? Демек, соттың сондай шешімі болса, алдымен ол маған жеке өзіме хабарласып, соттың шешімімен таныстырмай ма?

3. Егер қолында сот шешімі болса, неменеге "сотта дәлелдейсің" деп отыр?

4. Сот ондай шешім шығару үшін сот процесі өтуі тиіс емес пе, процеске мені шақырмай ма? Менің гарант болған-болмағанымды тексеріп, дәлелдемей ме? Мен гарант болмағанымды дәлелдемеймін бе?

ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК , осындай алаяқтарды құрықтауларыңызды сұраймын.

* * *

Алаяқтардың түр-түрін көрдік қой…

Ал кейбір мемлекеттік қызметкерлер, банк қызметкерлері, коллекторлар алаяқтықтың түрлі схемасын жасап алған. Оларға елдің қанын қалай ішуді, таң атпастан жүйкесінде қалай ойнауды кәсіби жүліктері арнайы оқытып, үйретеді… Адаммен сөйлескенде де осындай мәдениетсіз, тексіздері көп.

"Күшік құсап қыңсылап кеп аяғыма жығыласың" дейді… тексіз иттің баласы", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Соңғы жаңалықтар