Сот Өскеменде салынып бітпеген мекеме туралы бұрынғы білім вице-министрінен сұрастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Өскеменде салынып бітпеген мекеме туралы бұрынғы білім вице-министрінен сұрастыруда

Сот Өскеменде салынып бітпеген мекеме туралы бұрынғы білім вице-министрінен сұрастыруда

Сәрсенбіде Астанада сотта білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовке қатысты сот процесі барысында

  • 20 Тамыз 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

Өскеменде салынып бітпеген 700 оқушыға арналған білім беру мекемесінің мән-жайы сұрастырылуда, оның құрылысы осы қылмыстық іс тергелген соң тоқтатылған болатын.

"Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмей отыр, біз нысанды холдингке басқаруға беруді жоспарлағанбыз, холдинг "Кәсіпкердің" жүз пайыздық қатысуымен білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған", деді ведомствоның жауапты хатшысы Әлия Галимова, ол сотқа куәгер ретінде шақырылған болатын.

Судья Бақытбек Сыздықовтың қазіргі уақытта нысанның құрылысы қандай дәрежеде, деген сауалына жауап берген кезінеде ол "менде дәл мәліметтер жоқ", деп айтты.

"Шамалап айта аламын, 80% дайын болар", деді ол.

Алдында хабарланғандай, өткен жылы экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік агенттік білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовке қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Оған Өскеменде 700 оқушыға арналған білім беру мекемесін салу кезінде қызмет бабын бұрмалап пайдаланды деген айып тағылған болатын, мемлекетке 1,1 млрд теңгеге залал келтірілген.


Алаяқтық жолмен аталған бюджет қаржысын жымқырды, деген айыптаулар "Дирекция строящихся объектов образования и науки РК" ЖШС бас директоры А.Пакке, "ЗАК Сервис" ЖШС бұрынғы бас директоры Р.Киреевке және ЖШС қазіргі директоры А.Тутубалинге тағылған.

С.Шаяхметов 2013 жылдың мамыр айынан бері үй ішіндегі қамауда отыр.