Жарияланды: 370

Сот Қазақстандық АТ компаниялар қауымдастығының талабынан бас тартты

Сот Қазақстандық АТ компаниялар қауымдастығының талабынан бас тартты

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

Қазақстандық АТ компаниялар қауымдастығының «ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті» ММ-ға қатысты өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандық АТ компаниялар қауымдастығы (бұдан әрі - қауымдастық. ред.) тіркеуші фирмалардың барлығы үшін қазақстандық домендерді тіркеуге ең төменгі баға белгілеу туралы бұйрық шығарған, осылайша бірден тарифтерді екі еседен аса көтеріп жіберген. Монополияға қарсы комитет бұл бұйрықтың күшін жойды. Қауымдастық нарыққа қатысушы болып табылмайтындықтан, монополияға қарсы заңнама оған қолданылмайтынын негіздей келе, монополияға қарсы органның шығарған шешімін заңсыз деп тануды талап еткен. Монополияға қарсы заңнама бұзушылығын тергеу барысында алынған тергеу материалдары, қауымдастық жауаптары, сондай-ақ өзге де мәліметтер олардың іс-әрекетінде белгіленген бағаға алып келетін нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру фактілері бар екенін көрсетеді.

Сотта қауымдастыққа бағаларды белгілеуге өкілеттілік берілмегені анықталды.

Сот шешімімен Қазақстандық АТ компаниялар қауымдастығының талабынан бас тартылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін