Жарияланды: 470

Сотталған бұрынғы полицей Өтеуов түрме басшысын соққыға жықты

Сотталған бұрынғы полицей Өтеуов түрме басшысын соққыға жықты

4 сәуір күні №2 Атырау сотында бұрынғы полией Манарбек Өтеуовке қатысты екінші процесс басталды. Ол былтыр мамыр айында Өзбекстан азаматын аяусыз өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген.

Бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовті айыптау баптарына “қылмыстық-атқарушы мекеменің талаптарына бағынбау” және “мекеме қызметкеріне қарсы күш қолдану” баптары қосылды деп хабарлайды жергілікті “Ақжайық” басылымы.

4 сәуір күні №2 Атырау сотында бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовке қатысты екінші процесс басталды. Ол былтыр мамыр айында Өзбекстан азаматын аяусыз өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген. Бірақ ол ІІБ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы әшкерелеу хатын жазады. Сол себепті Бас прокуратура тексеру жүрігізіп жатқан кезде, оны тергеу изоляторына қамайды. Енді Өтеуов 428-бап 1-бөлік және 429-бап 2-бөлік бойынша сот алдына келіп отыр.

Істің деректеріне сүйенсек, былтыр 21 қарашада Өтеуов тергеу изоляторы қызметкерлерінің кезекшілігі ауысқан кезін пайдаланып, қамаудан шығып кетіп, темір арматурамен қаруланып, тергеу изоляторы басшысын шақыруды талап еткен.

Тергеу изоляторының басшысы Ержан Молдабеков келгенде, Өтеуов оны шалып құлатып, бірнеше мәрте бетінен ұрады. Ақыры соңында бұрынғы полицей құрықталып, карцерге қамалды. Молдабеков сотқа негізгі куәгер ретінде қатысты, оның айтуынша, Өтеуов келесі күні жасаған ісіне өкініп, мас күйінде жанжал шығарғанын мойындаған. 5 сәуір күні Манарбек Өтеуовтің процестік келісімге келгені белгілі болды. 11 сәуірде қорытынды отырыс өтіп, үкім шығарылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін