Жарияланды: 480

Сотталып жатқан бұрыңғы Қостанай әкімі орынбасарларының қанша ақша ұрлағаны белгілі болды

Құзырлы органдардың құрығына ілінген қостанайлық шенеуніктер 90 миллион теңгені қалтасына басыпты. Бұл тек қазірге дейін тергелген материалдар бойынша анықталып үлгерген сома.

Естеріңізге сала кетсек, жаздың соңында Қостанай қаласы әкімінің қос орынбасары мен әкімнің өзі – Ахметбек Ахметжанов қамауға алынған. Оларға қатысты әртүрлі деректер бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін бұлардың өзара байланысты екені анықталыпты. Орынбасарлардың бірі – Фрунзик Аракелян 13 миллион теңге пара алып жатқанда ұсталса, екіншісі – Мақсұт Қалиев 300 мың теңгені кабинетінде қалтаға баса бергенде қолға түсті. Бірақ мұнысын екеуі де мойындаған жоқ. Куәгерлердің көп болуынан, тергеу жұмысы ұзаққа созылып жатыр. Ал олардың ісіне Қостанай облысының бұрынғы әкімі Нұралы Сәдуақасовтың да қатысы бар ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Сәдуақасов та екі ай бұрын орнынан алынған болатын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін