Союз-ФГ» зымыранымен «Союз ТМА - 13М» басқарылатын көлік кемесі ұшыруға әзір - мемлекеттік комиссия - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Союз-ФГ» зымыранымен «Союз ТМА - 13М» басқарылатын көлік кемесі ұшыруға әзір - мемлекеттік комиссия

Союз-ФГ» зымыранымен «Союз ТМА - 13М» басқарылатын көлік кемесі ұшыруға әзір - мемлекеттік комиссия

Байқоңыр ғарыш айлағында осыдан бірнеше сағат бұрын мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда «Союз-ФГ» ғарыштық мақсаттағы зымыранына отын компоненттерін құю жөнінде шешім қабылданды.

  • 29 Мамыр 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік комиссия «Союз-ФГ» ғарыштық мақсаттағы зымыранының ұшыру кешеніндегі сынақ нәтижелерін қарады, ол «Союз ТМА-13М» басқарылатын көлік кемесін бортындағы халықаралық экипажбен орбитаға шығаруы тиіс.

Жұмыстар басшыларының баяындамалары қорытындыларымен мемлекеттік комиссия «Союз-ФГ» ғарыштық мақсаттағы зымыранымен «Союз ТМА-13М» басқарылатын көлік кемесі ұшыруға әзір деген шешім қабылдап, отын компоненттерін құюға және ұшыруға рұқсат берді.

Ұшыру алдындағы жұмыстар кестесіне сәйкес зымыран-ғарыштық өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары ғарыштық мақсаттағы зымыран бактеріне тиісті отын компоненттерін құюға кірісті.

Құрамында «Союз ТМА-13М» кемесінің командирі Максим Сураев (Ресейғарыш), «Союз ТМА-13М» ғарыш кемесінің 1-бортинженері Рид Вайзман (НАСА) және «Союз ТМА-13М» кемесінің 2-бортинженері Александр Герст (ЕКА) бар «Союз ТМА-13М» ғарыш кемесін «Союз-ФГ» зымыранымен ұшыру 29 мамырда Астана уақытымен 01 сағат 57 минутқа жоспарланып отыр.  


Ракета «Союз–ФГ» с ТПК «Союз ТМА–13М» готова к пуску - госкомиссия