«Жалалабад облысы Созақ ауданындағы Қызыл Суу селолық округінде 23-24 тамызда Қызыл Суу жайлауындағы Ничке-Колот учаскесінде сел болды. Алдын ала болжам бойынша, 11 ірі қара малды тасқын су ағызып әкеткен», — делінген хабарламада.
Шу облысы Алай ауданында сел салдарынан үйлер мен жолдарды су басты.
«Ош облысы Алай ауданында Ленин селолық округінде 24 тамызда сағат 18:00 Согонду ауылында толассыз жаңбыр жауып, сел болды. Салдарынан 3 км ішкішаруашылық жол зақымданды, 6 тұрғын үйді су басты», — деді елдің ТЖМ.