Созақ ауданының әкімі адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан мүгедек отбасыларға қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Созақ ауданының әкімі адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан мүгедек отбасыларға қатысты түсініктеме берді

Созақ ауданының әкімі адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан мүгедек отбасыларға қатысты түсініктеме берді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан мүгедек отбасыларға қатысты түсініктеме берді. Ол бұл мәселенің жуық арада шешілмейтінін ашып айтқан. Сондай-ақ, Мақсат Исаев аудан орталығы - Шолаққорғандағы мүгедектердің осындай жағдайда қалғанына өзінің алдындағы әкімді кінәлады. 

  • 18 Қараша 2016
  • 2927
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлады. 

Бір айдан соң 50 отбасына арналған жекеменшік үйлер берілмекші. Келесі жылы үй кезегінде тұрған тағы 20 жанұя баспаналы болады екен. Бірақ шолаққорғандық мүгедек отбасыларға осы екеуі де бұйырмайын деп тұр. 

"Салынып жатқан үйлерден бере алмаймыз. Себебі, қазір үйлеріңіз бар. Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен басқа кеңейтілген үйлер сатып алуға мүмкіндік қарастырайық" деп айтқан уәдем бар.  Ол азаматтардың мүгедектігін ескеріп, жер үйге ауыстыруға әрекет жасап берейік дегенмін" дейді М.Исаев. 

Мақсат ИсаевМақсат Исаев

Естеріңізге салсақ, Caravan.kz тілшісі сәрсенбі күні әлеуметтік желіде апатты үйде адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан мүгедектердің видеосы тарағанын хабарлаған еді. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің өте қиын халдері туралы баяндаған. 


Мүгедек отбасылар тұратын үйМүгедек отбасылар тұратын үй
Үйдің ішіҮйдің іші

Олардың Шолаққорғанның тұрғындары екені анықталды. Қазір жеті отбасы (әрқайсысында 2 мүгедектен) болып тұрып жатқан екі қабатты ескі үйлері апатты жағдайда. Оны осы мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті әкімдік осыдан бес жыл бұрын уақытша деп берген. «Ал енді жаңадан үйлер түсіп жатса да, бізге дұрыс баспана беретін емес. Тіпті бізді базадан шығарып тастапты. Үй кезегінде 39-шы боп тұр едім, енді ол да жоқ. Күйеуім тас соқыр» дейді мүшкіл халдегі жанұялардың бірінің отанасы Гүлзия Сыздықова.

Туабітті сал ауруына шалдыққан балаТуабітті сал ауруына шалдыққан бала
Соңғы жаңалықтар