Жарияланды: 150

Сөзден сүрініп, күлкіге айналған шенеуніктер кімдер?

Сөзден сүрініп, күлкіге айналған шенеуніктер кімдер? Сурет - Tengrinews.kz

«Жынымды келтірмеңізші».

Тариф туралы түсіндіруден жалыққан вице-министр Серік Жұманғариннің осы бір сөзі кешелі-бері əлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Журналистерге ашуланамын деп сөзінен сүрінген Ұлттық экономика министрінің орынбасары артынша, осы қателігі үшін кешірім сұрады. Жалғыз Жұманғарин емес, жуырда тағы бір вице-министр Светлана Жақыповада түнде жұмыс істейтін ата-аналарға қатысты айтамын деп сынға ұшыраған еді. Соңғы кезде эмоцияға беріліп, кейін қоғамның талқысынан соң кешірім сұрайтын шенеуніктердің көбейіп кетіпті.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сен менің нервіме тиіп отырсың. Мен ауылға барайын жұмыстың бəрін тастап. 1108 Басыңнан бір тебем. Нервіме тиіп отырсың. Қаным басыма шапшып отыр.

Тек сахнада, сатирада емес, өмірде де осындай шенеуніктер бар. Күні кеше Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің де журналистердің сұрағына жыны келіп қалыпты. Шағын бизнеске арналған жиында тариф туралы сұраған тілшілерге ашуланған шенеуніктің эмоциясы камераға жазылып қалды.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Бұл жерде шағын бизнес туралы əңгіме болып жатыр. Сонда менен тариф туралы сұрауға келдіңдер ме?Ресми түрде келіңіздер, тариф туралы бəрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші....»

Вице министрдің видеосы бірден əлеуметтік желіге тарап кетті. Артынша осы сөзіне өкінген Серік Жұманғарин кешірім сұрады. Ал жуырда 5 баланың өмірін жалмаған өрт оқиғасынан соң, ата-аналардың түнгі ауысымда жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірген халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың да бір ауыз сөзі елді елең еткізді.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖƏНЕ ХАЛЫҚТЫ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Это их выбор».

Соңғы кездері министрлердің орынбасарлары елдің назарына түсе бастады. Əрине, бірі сөзінен сүрініп танылса, бірінің лауазымы өсіп жатыр. Мəселен, Ішкі істер органының басшысы Қалмұханбет Қасымов əйтеуір басқа қызметке кетіп, орнына оның орынбасары Ерлан Тұрғымбаев министр болып шыға келді. Ал Мəдина Əбілқасымованың бір орынбасары Нұржан Əлтаев Мəжіліс депутаты болды. Парламентке келе сала, əр балаға 20 мың теңгеден жəрдемақы тағайындалғаны дұрыс деп пікір айтқан су жаңа депутат жаңа жұмысындағы айлығының қанша екенін əлі білмейді.

НҰРЖАН ƏЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МƏЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

«Я пока даже не знаю. Первый день пришел, первый день заступил, с утра даже не успел с этим ознакомиться. Сразу был вынужден прийти сюда.»

Парламент демекші, депутаттардың да аузын шыққан əрбір сөз елдің жадында. Əсіресе, бұрынғы əлеуметтік саланың министрі болған Гүлжан Қарағұсованың айтқандары хит болып таралып кетеді.

ГҮЛЖАН ҚАРАҚҰСОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МƏЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

«Кто как содержится, тот так и работает»

Аңдамай сөйлеп, кейін кешірім сұрағандардың бірі қазіргі сырты істер министрі Бейбіт Атамқұлов. Ол кезде аэроғарыш саласын басқарып отырған шенеунік КАDEX көрмесінде үстіне баннер құлап көз жұмған азаматтың өзі кінəлі деп қоғамның ашуына тиді.

БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ ҚР ҚОРҒАНЫС ЖƏНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКƏСІБІ МИНИСТРІ

«Но он сам виноват, что оказался там по несоответствующим документам».

Шалқарлық шенеуніктің чики-чикиі мен зейнетақы реформасы кезінде патамушта патамушта деген сөзімен бұрынғы министр Серік Əбденовтың сөзінде ел ұмытқан жоқ. Қазір сенатор əрі ғарышкер Талғат Мұсабаевтың министрлікте жүргенде журналистерге зекіп сөйлеген видеосы таралып кеткен болатын. Кешірім сұрамаса да, бұдан кейін мұндай қылық көрсеткен жоқ ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін