S&P агенттігі Қазақстанның рейтингтік болжамын «жағымсыз» деп өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
S&P агенттігі Қазақстанның рейтингтік болжамын «жағымсыз» деп өзгертті

S&P агенттігі Қазақстанның рейтингтік болжамын «жағымсыз» деп өзгертті

Халықаралық Standard & Poor's агенттігі Қазақстанның рейтингтік болжамын «тұрақтыдан» «жағымсызға» ауыстырды.

  • 16 Маусым 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бұған елдегі экономикалық болжамдардың нашарлауы мен монетарлық саясат тиімділігінің төмендеуі түрткі болған көрінеді.

Қазақстанның ұзақ мерзімдік рейтингі «BBB+» деңгейінде.

«Қашаған кенішінде мұнай өндіру процесінің кідіруіне немесе ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін құрылымдық реформалардың жасалмауына байланысты экономикалық өсім бұрынғы болжамдардан төмен болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Агенттік 2014 жылы Қазақстанның ІЖӨ-і 4,5 пайызды құрайды деген болжам жасап отыр.