Спасскіде «Алтын үкі - 2014» басталды - ҚР ҚМ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спасскіде «Алтын үкі - 2014» басталды - ҚР ҚМ

Спасскіде «Алтын үкі - 2014» басталды - ҚР ҚМ

Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында Арнайы мақсаттағы бөлімшелер мергендері жұбының «Алтын үкі - 2014» халықаралық жарысы басталды.

  • 14 Шiлде 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарлады.

 Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкістан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысады.

«Алтын үкі — 2014» халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижанов: «әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар. Сондай-ақ, биылғы жарыстар барысында «осында бесінші рет өткізіліп отырған мергендер өнерінің Орталықазиялық форумында барлық қатысушылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды», — деп атап өтті.

Биыл Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. 19 шілдеге дейін барлаушыларға дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын


16 жаттығуды орындауға тура келеді.

«Алтын үкі-2014» жарысының қорытындысы 19 шілдеде шығарылады.

Жарыстың салтанатты ашылуынан соң барлау топтары жауынгерлік тапсырмаларды орындау аумағына аттанды