"СПК Шымкент басшысы 1 миллионға жуық жалақы алатындай не бітіріп жүр?" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"СПК Шымкент басшысы 1 миллионға жуық жалақы алатындай не бітіріп жүр?"

"СПК Шымкент басшысы 1 миллионға жуық жалақы алатындай не бітіріп жүр?"

Канкин мырза тікелей эфирінде миллионға жуық , ал Оралдағы әріптесі 450 мың алатынын айтты.

  • 13 Тамыз 2020
  • 111
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Енді миллионға жуық айлық алатындай бұл жігіт Шымкентте не бітіріп жүр деп зерттесем, хаям да бітіріп жүрген жоқ сияқты!
Қол астында 120 дан аса қызметкерлері бар, әкімдікке қарасты бұл мекеме не тындырып жатыр?
Жылдың басынан бұл мекеме, қаламызға не пайда әкелді:
-Қанша инвестиция тартты?
— Шымкент спецификасына қарай дамуына не үлес қосты?
— Қанша жаңа кәсіпорын ашты?
-Қанша тауар басқа өңірлерге және экспортқа сатылды?
— Кіші және орта бизнеске не қолдау көрсетілді кризис кезінде?

Осы сұрақтардың бәріне Канкин мырзадан жауап күтемін!

Жалпы өзіңіздің миссияңызды білесіз бе?


Білмесеңіз есіңізге сала кетейін!

Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосу, сол арқылы жергілікті халықтың әл ауқатын көтеру!

Өңірлер арасында бизнесті көтеру емес, жалақыны өсіру арқылы бәсекелесіп жатсыздар ау?!

Төрт орынбасар сізге не үшін қажет Канкин мырза?

Олардың жалақысы әрқайсысы 750 мың теңгеден алатыны рас па?

Әйтенов мырза әлемдік кризис кезінде, кәсіпкерлер шығынға батып жатқан кезде, жергілікті қаражатты неге тиімді пайдаланбайсыз? Айына 40 миллион тек жалақыға кететін мекеме не үшін керек?", — деп жазды Айгүл Орынбек.

 

Соңғы жаңалықтар