Осы мерекеге орай бас қаламыз — Астанада Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін іс-шаралар тізімін ұсынамыз.
* * *
15 тамыз
Сағат 10.00 — Жасөспірімдер арасындағы футбол, жеңіл атлетика, эстафета жарыстары («Достық» СК).
Сағат 15.00-16.00 — «Жасөспірімдер спорты: қазіргі жағдай, проблемалары, келешектегі дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы («№3 БЖСМ»).
Сағат 10.00-13.00 — Шағын футболдан және стритболдан жарыстар («Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы).
Сағат 11.00 — Шахматтан «Қайсар» клубының біріншілігі (Соқырлар қоғамының оқу-өндірістік мекемесі).
16 тамыз
Сағат 15.00 — «Еліміздегі ат спорты түрлерінің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы (Көктал кенті, Лесная көшесі).
Сағат 16.00-19.00 — «Барыс» спорт кешеніндегі «Ашық есік» күні шарасы.
16-17 тамыз
Сағат 10.00-14.00 — Жағажай волейболы және үстел теннисінен мерекелік турнир («Алау» мұз айдыны сарайы).
17 тамыз
Сағат 10.00 — «Президенттік миль» бұқаралық спорттық шарасы («Бәйтерек» монументі алаңы).
Сағат 10.00- «Өмір нәрінен ләззат ал!» акциясы аясындағы функционалдық жаттығулар («Бәйтерек» монументі алаңы).
Сағат 10.00- Есіл ауданы еңбек ұжымдары арасындағы футболдан жарыс (Қабанбай батыр даңғылы, Керей, Жәнібек хандар көшесі қиылысындағы спорт алаңы).
Сағат 10.00 — «Жігер» спорт клубы жаттықтырушыларының құзға шығудан шеберлік сабағы және «Ашық есік» күні шарасы («Мега Астана» ОСО).
Сағат 11.00- «Қазақстан» спорт сарайы қызметкерлері арасында футболдан және үстел теннисінен жарыстар («Қазақстан» спорт сарайы).
Сағат 11.00- «Астана ЭКСПО — 2017» веложарысы («Бәйтерек» монументі алаңы).
Сағат 10.00-14.00 — Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар («Дар» қоғамдық қоры) үшін бассейнге, футбол алаңына, тренажер және теннис залына «Ашық есік» күні шарасы. («Алатау» спорт сарайы).
Сағат 14.00 — Сарыарқа ауданындағы аула клубтары арасындағы жасөспірімдердің шағын футбол турнирі (Регламент бойынша).
Сағат 11.00 — Жеңіл атлетикадан жарыс (Қалалық шаңғы-роллерлік жолы)
17-18 тамыз
Сағат 10.00-13.00 — Шахматтан және тоғызқұмалақтан мерекелік турнир (Х.С.Хәкімов атындағы шахмат клубы).
17-18 тамыз
Сағат 09.00 — Балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден, үстел теннисінен және қоян-қолтық ұрыстан жарыстар («Динамо» СК).
17-18 тамыз
Сағат 12.00 — Бокстан балалар мен жасөспірімдер арасындағы Астана және Новосібір қалалары командаларының жолдастық кездесуі (№3 БЖСМ).
17-18 тамыз
Сағат 10.00-15.00 — Ата -аналараға арналған мерекелік «Көңілді старттар» жарысы (№1 БЖОРСМ).
17-18 тамыз
Сағат 10.00 — Теннистен балалар мен әуесқойларға арналған «Қызғылт сары доп» мерекелік турнирі («Дәулет» СК).
18 тамыз
Сағат 10.00 — «Дәулет» спорт кешенінде «Ашық есік» күні шарасы («Дәулет» СК).
18 тамыз
Сағат 12.00 — Баскетболдан әуесқой командалар арасындағы жарыстың финалдық ойындары («Самал» ш/а спорт ауласы).
18 тамыз
Сағат 10.00 — «Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ» спорттық акциясы («Дәулет» СК).
Футбол. 1 лига.
17 тамыз, сағат 19.00 — «Астана — 1964» — «Спартак» (Семей)
20 тамыз, сағат 19.00 — «Астана — 1964» — «Екібастұз» (Достық» спорт кешені).