Спорт шебері Самат Айтпанбет :"Джиу-джитсу спорт түрін ғылым ретінде көремін" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт шебері Самат Айтпанбет :"Джиу-джитсу спорт түрін ғылым ретінде көремін"

Спорт шебері Самат Айтпанбет :"Джиу-джитсу спорт түрін ғылым ретінде көремін"

Әлемде Джиу-джитсуға әуестенушілер саны соңғы  жылдары күр артып келе жатыр. Бұған қоса аталған спорт түрі Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енуге талпыныс үстінде. Жалпы джиу-джитсу— жапонның қарусыз өзін өзі қорғану өнері.

  • 20 Қазан 2020
  • 566
Фото - Caravan.kz

Ортағасырлық жапонияда джитсу терминімен қолданбалы техника аталған. Джиу-джитсу сөзінің өзі мойынсұнуды, яғни «жеңу үшін мойынсұнуды» білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл күрес пен өзін өзі қорғаудың әмбебап өнері. Қазіргі  кезде джиу-джитсу көпшілік жапон жекпе-жек өнері секілді спорт түріне айналды. Джиу-джитсу халықаралық федерациясы, жарыс ережесі жасалды.

Қазіргі таңда осы спорт түрінен Қазақстанның әлемде алатын орны қандай және қандай танымал спортшы,бапкерлеріміз бар, жетістіктеріміз қандай осы сауалдар төңірегінде джиу-джитсудан спорт шебері, белгілі жаттықтырушы Айтпанбет Самат Мұратұлынан  Caravan.kz  медиа-порталының тілшісі әңгімелесіп көрді.

 — Самат, ең алдымен сұрайыншы,  Қазақстан осы спорт түрінен әлемге қаншалықты танымал?!

 — Біз 2019 жылы Абу-Дабиде әлем чемпионат жарысына барған кезде, әлемдік рейтинг бойынша Қазақстан балалар арасында 3 орын алған болатын. Енді қараңызшы әлемдік деңгейге іліккеніміз бұл танымалдылық деп ауыз толтырып айта алатын мақтаныш қой. Сол себепті мен бұл спорт түрінен Қазақстанды танымал деп айтар едім.

— Спортшылар джиу-джитсу спорт түріне қалай дайындалады?

— Спортшылар өзіміздің залдағы бапкерлердің бағдарламалары арқылы дайындалады. Бірақ бәріне бірдей бағдарлама қоя алмаймыз, өйткені бұрыннан қатысып келе жатқандар бар, жаңадан қосылғандар бар.Әр топқа бөліп жеке бағдарлама қойып дайындаламыз.

— Аталған спорт түрі жалпы Қазақстанға қашан келді?!

— Мен қателеспесем бұл спорт түрі  Қазақстанға 2014-2015 жылдары келді.

— Осы спорт түрін меңгеруге қанша уақыт керек?

— Бізде бұл Бразилиялық спорт түрі болғандықтан қара белбеу иегері болса ол – профессор болып есептеледі. Енді басқаларды білмеймін менде қоңыр белбеуді төрт жыл ішінде алдым. Енді қара белбеу аламын бұйыртса. Кейбір спортшылар 7-8 жыл болды әлі көк белбеуде отыр. Жалпы белгілі бір уақыты жоқ мынандай белбеу аласың деген, бәрі өз уақытымен болады. Бастысы бұл спорт түрін сүю керек.

— "Джиу-джитсу өте нәзік спорт түрі, онда толағай күш көмектеспейді"- дегенге келісесіз бе?!

— Енді әркім әр түрлі нәрсе айтады. Ал мен бұл спорт түрін ғылым деп айтар едім. Себебі бұл жерге келген адам өте көп нәрсені үйренеді. Төзімділікті, сабырлықты ,ептілік икемділікті үйренеді.

— Джиу-джитсу олимпиада ойындары бағдарламасына енгізіледі деген сөз болған, қазір енгізілді ме, әлде әлі де келіссөздер жүріп жатыр ма?

— 2018 жылы бұл спорт түрі Азиялық ойындар түріне кірген болатын. Енді бұйыртса 2024 жылы олимпиада ойындарында «пробный» түрі болады, сол өтсе әрі қарай 2028 жылы олимпиадада біз өз-өзімізді көрсетеміз деп ойлаймыз. Әрине өткенін бізде қалаймыз. Себебі қазақтың жігіттері бұл спорт түрінен өте мықты.

— Елімізде джиу-джитсудің дамуы деңгейі қалай?

— Қазіргі таңда 2019-2020 жылдары қарқынды дамыды бұл спорт түрі. Алдағы уақытта 4-5 жылдан соң бізде бәсекелестер өте көп болады. Сонымен қатар мықты спортшылар болады. Өсіп келе жатқан жас спортшыларымыз Қазақстанды бұдан да биік деңгейге шығарады деп ойлаймын.

— Жастардың қызығушылығы қалай?

— Қазір мен айтатын болсам өзімде жастардың қатарына кіремін ғой. Жасым 23-те, бұл спорт түрі мен үшін өмірімнің бір бөлшегі болып кетті десем болады.  Өйткені мен күндіз-түні спорт залдамын. Қазір мен залда спортшылар дайындап жатырмын ғой 14-15 жастағы балаларда келеді, үлкен ағаларымызда келеді. Бұл спорт өте ыңғайлы отырып та, тұрып та күресе бересің. Әркім өзіне қалай ыңғайлы солай күреседі. Сонысымен де жастарға да, үлкендерге де ұнайды.

— Джиу-джитсудан Қазақстандағы танымал спортшыларды атап өтіңізші?

— Қазіргі таңда Қазақстанда танымал спортшылар көп. Мысалы: Дархан Нортаев,  Диасхан Айбеков, Омар Нұрләулет, Мансұр Хабиболла, Руслан Исраилов, Қуандық Қонысов т.б өте көп. Қазақтың жігіттері өздерін керемет көрсетуде. Әлемдік додаларда қазақтың туын желбіретсе неге қуанбасқа, жүректі қуаныш пен мақтаныш кернейді.

Соңғы жаңалықтар