Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Астанада грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Президенті кубогы үшін  II  халықаралық турнир өтті. Әлемнің үздік құрамалары күш сынасқан байрақты бәсекеде қазақ жігіттері бас жүлдені иеленді.

  • 21 Маусым 2011
  • 545
Фото - Caravan.kz

Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құраған халықаралық жарысқа Венгрия, Румыния, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Әзербайжан, Белоруссия, Өзбекстан және Қырғызстанның білекті балуандары келді.

Рафаэль Мартинетти, ФИЛА президенті:

Бұл сын әлем кубогы секілді командалық есепте өтетіндіктен өте шиленісті, әрі қызықты. Президент кубогын сары құрлықта соңғы жылдары  өтпей қалған Азия кубогы бәсекесі деп атауға да болады.

Қазақстан намысын екі бірдей құрама қорғады. Қазақстан-1 сапында еліміздіңбірінші нөмірлі спортшылары өнер көрсетіп, мамандар болжағандай, олар ақтық сынға шықты. Өз жолында отандық жасақ Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея құрамаларын тізе бүктірді. Финалға дейін ең қиын кездесулердің бірі Белоруссия құрамасымен болды. Бастапқы  үш салмақта жерлестеріміз жеңіске жеткенімен, тағы да үш салмақта жеңілістің ащы дәмін татты, дәл осы сәтте ең ауыр салмақтағы талантты балуанымыз Нұрмахан Тыналиевтің жеңісі ауадай қажет еді. Нәтижесінде Азия ойындарының жеңімпазы үмітті ақтады. Алфиналда Қазақстан командасының Венгриямен жолы түйісті. Ақтық кездесуде де дәл сол нәтиже қайталанды. Асхат Құдайбергенов, Алмат Кебіспаев пен Асхат Ділмұхамедов өз командаларына жеңісті алып бергенімен, Дархан Баяхметов, Алхазур Оздиев және Марғұлан Әсембеков қарсыластан айласын асыра алмады. Нәтижесінде ауыр салмақтағы батырымыз Нұрмахан Тыналиев өз командасына маңызды кубокты алып берді. Дәл осы Тыналиевке алдағы Лондон олимпиадасында зор үміт артылып отқанын айта кеткен жөн.

Дәулет Тұрлыханов, ФИЛА бюросының мүшесі:

— Нұрмахан Тыналиев бауырымыздың жеңісі —  өте үлкен жеңіс. Осындай жеңістер көбірек болса екен деген ойдамыз. Келесі жылы Лондон олимпиадасы. Дәстүрлі, үлкен тарихы бар біздің балуандарымыз топ жарса деген ниетпен біз бүгін жұмыс істеп жатырмыз.

Жарыс нәтижесінде Қазақстан-1 жеңістің биік тұғырына көтерілсе, екінші орынға Венгрия балуандары жайғасты. Ал Қазақстан-2 командасы қола жүлдеге қол жеткізді. 


Қазақстан премьер-лигасында кезекті тур ойындары өтті. Бұл айналымдағы ең ірі есеп Астанада тіркелді. Жергілікті аяқдопшылар Алматының «Қайратын» 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Өз алаңында «Атырауды» қабылдаған «Ертіс» бұл жолы керемет ойын өрнегін ортаға салды. 8-ші минутта Говедарица есепті ашса, Сергиенко тағы бір голмен ерекшеленді. Ал 70-минутта Даскалов ойынның нүктесін қоя білді. Есеп — 3:0. Бұл жолы Талдықорғанға барған «Ақтөбе» 2:3 есебімен «Жетісуға» ұтылса, «Қайсарды» қабылдаған ел чемпионы «Тобыл» 3:0 есебімен жеңіс  тойын тойлады. Сонымен қатар«Ордабасы» мен «Восток» тең тарқасса, «Шахтер» минималды есеппен «Тараздан» айласын асырды.  

Ньон қаласында УЕФА чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу турының жеребесі тасталды.

Еуропаның ең беделді турнирінде бақ сынайтын Қостанайдың «Тобылы» бұл сында Братиславаның «Слованымен» кездесетін болды. Матчтар шілденің 12-13 және 19-20 аралығында өтеді.  

Соңғы жылдары елімізде спортқа ерекше мән беріліп, еліміздің түкпір-түкпірінде  заманауи спорт нысандары бой көтеруде. Әсіресе  ауыл спортының дамып келе жатқандығы қуантады. 

Республика бойынша жалғыз Қызылорда облысында ғана ауылдық жерлерде спорт нұсқаушылары жұмыс істейді. Облыс әкімінің шешімі бойынша 2011-13 жылдар аралығында облыстың барлық ауылдарында шағын спорт алаңдарын ашу көзделіп отыр. Осы уақыт ішінде 208 шағын спорт алаңдарын салуға облыс қазынасынан қомақты қаржы бөлінген. Осы ретте Досбол би ауылында футбол, волейбол және жүгіру алаңы бой көтерді. Футбол алаңына жасанды көк төселген, әлемдік талаптарды қанағаттандырады.  Кешеннің ашылуына орайволейбол, футбол және жүгіруден Шымкент пен Қызылорда командаларының арасында жолдастық кездесулер болып өтті. 

Соңғы жаңалықтар