Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бүгін Алматыда бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Әбденәлиевтің мерейтойына арналған жарыста Тәжікстан, Қырғызстан және өз елімізден жүзге таяу  үміткерлер күш байқасты.

  • 28 Наурыз 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы жарыстардан шет қалмайтын қырғыздар Серік Әбденәлиевтің турниріне  жақсылап қамданып келіпті. Олай дейтініміз   Алатау асып келген  ағайындар бұл жолы  өзгелерге дес бермеді.  Қола мен күмісті айтпағанда  олардың еншісіне тағы төрт алтын медаль бұйырды. Оның да нақты  себебі бар. Осы күндері  Астана төрінде оқу-жаттығу жиынына кіріскен Қазақстанның үздік боксшылары  бұл жарысқа қатысқан жоқ. Орайы келгенде   беткеұстар мықтыларын түгел қосқан   Қырғызстан   ұлттық құрамасы Алматыдан олжалы қайтты.     

Осы сағатта Астанада жергілікті «Барыс» пен «Салават Юлаев» өзара плей-офф аяындағы бесінші матчты өткізіп жатыр.  Айдын иелерінің сұр мергені  Егор Дубровский бүгінгі бәсекеде  өз командасына қол ұшын бере алмайтыны белгілі болды.

Команданың белді шабуылшысы  «Барыспен» өткен төртінші матчтың бірінші кезеңінде  ауыр жарақат алған. Енді Егор Дубровскийдің  маусым соңына дейін жазылуы екіталай.  Естеріңізге сала кетейік, артта қалған төрт кездесудің нәтижесі бойынша  үш рет жеңіске жеткен  «Салават Юлаев»  әзірге алда келеді. Серия команданың бірі төрт рет ұтқанға дейін жалғасатынын ескерсек,  онда «Барысқа» бүгінгі ойында жеңіс аудай қажет. Ендеше «Барыстың» бағы жансын  деп тілейік.  


Футболдан Испания примерасында Мадридтық «Реал» қатарынан екінші матчта жеңіліс тапты. Бұл жолы Карло Анчелотти командасы «Севильяға» 2-1 есебімен жол берді.

Ойынның 14-ші минутында есеп ашқан Криштиану Роналду. Бірақ алаң иелері өз жауабын көп күттірген жоқ. Араға бес минут салып “Севильяның” колумбиялық шабуылшысы Карлос Бакка таразы басын теңестіріп кетті. Екінші таймда “Реал” ойыншылары жиі шабуылдағанымен “Севилья” қорғанысы сыр бермеді. Ал 72-ші минутта қарымта шабуылға шыққан алаң иелері “Реалдан” жеңісті жұлып әкетті. Бакка дубль авторы атанып “Севильяға” жеңіс сыйлады. Осылайша қатарынан екі рет жеңіліс тапқан “Корольдық” клуб турнир кестесінде 3-ші сатыға сырғыды. Ал көш басында мадридттық “Атлетико” шықты.