Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Мәртебелі супервелодода Джиро д Италияның 11-ші кезеңі өз мәресіне жетті. “Астана” командасының өкілі Фабио Ару генералды тізімдегі орнын сақтап калды.

  • 23 Мамыр 2014
  • 245
Фото - Caravan.kz

249-шақырымды құраған бұл кезеңде екі таулы асу болған. Санаулы шақырымдар қалғанда пелотонды артқа тастаған австралиялық Майк Роджерс мәре сызығын бірінші кесті. Жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. 37 жастағы австралиялық Кадэл Эванс әзірге бірінші. Колумбиялық Ригоберто Уран мен поляк Рафал Майка тиісінше екінші үшінші орында. Ал лидерден бір жарым минут қалып келе жатқан “Астана” өкілі Фабио Ару үздік алтылықта. Ертең жекелей сында италиялық басты фавориттер қатарында көрінуі тиіс.

 

Луис Суарестің Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысуы екіталай. “Ливерпульдің” шабуылшысы жаттығу барысында тізесінен жарақат алыпты.

Медициналық тексерістер нәтижесі Англия премьер-лигасының үздік сұрмергеніне операция жасау керектігін анықтапты. Енді футболшының әлемдік додаға бару бармауы үлкен сұрақ болып тұр. Естеріңізге сала кетсек 2010-шы жылы Уругвай ширек финалда Гана құрамасын жеңген.  Дәл осы матчта допты қолмен тоқтатқаны үшін Суарес алаңнан қуылған. Бірақ матч соңындағы пенальтиде жеңіске жеткен Уругвай құрамасы жартылай финалға табан тіреген болатын. Биылғы Мундиальда оңтүстік америкалықтар Д тобында Италия, Англия және Коста-Рикаға қарсы ойнайды.      

 

“Бавария” жартылай қорғаушысы Тони Кроос жақын уақытта “Манчестер Юнайтедке” қоныс аударуы мүмкін. Ағылшындық басылымдар, “МЮ” Коостың трансферлік құнын 25 млн евроға бағалады деген ақпарат таратты.

Германия құрамасының ойыншысын бұрынғы бапкер Дэвид Мойесте өз құрамында көргісі келген. Енді жаңадан тағайындалған Луи ван Гальда Тони Кроосты манчестерге шақырып әлек. Талантты жартылай қорғаушы голландиялық маманға жат емес. Өйткені ол “Баварияда” Ван Гальдің қоласында жаттыққан. 24 жастағы футболшы мен “Бавария” арасындағы келісім шарт 2015-ші жылға дейін екендігін ескерсек Коосты қазір сатқан Мюнхендіктерге де тиімді. Жартылай қорғаушы “Бавария” сапында 130 кездесу өткізіп, 13 гол соққан.


 

Ұлттық баскетбол лигасында бәсекелер қыза түсті. Батыс конференциясының финалдық сериясында “Оклахома Ситиді” қабылдаған “Сан-Антонио” ірі жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде ширақ ойнаған қонақтар қалған уақытта басымдықты алаң қожайындарына беріп қойды. Ал өз кезегінде шабуылда ширақ ойнаған “Сан-Антонио” лайықты жеңіске жетті. Қортынды есеп 112:77. Алаң иелері сапында Тони Паркер мен Дэнни Грин 22 және 21 ұпайдан еншілеп өз командасының жеңсіне елеулі үлес қосты. “Тандер” лидерлері Рассел Уэстбек пен Кевин Дюрэнттің есебінде 15 ұпай. Енді командалар 25 мен 27де Оклахомада өзара кім мықтыны анықтамақ. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда әзірге “Сан-Антоио” 2:0 есебімен алды тұр.