Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Ролан Гарросқа жолы түскен теннисшілеріміз жеке сын аясындағы жарыстардан босап қалды.  Соңғы үмітіміз Ярослава Шведова үш сетке жалғасқан матчта  француз  Полин Парментьеге есе жіберді.

  • 31 Мамыр 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz

Ролан Гарростың сегіз дүркін чемпионы Рафаэль Надальдың екпіні мықты. Испаниялық шебер бесінші жарыс күні   аустриялық теннисші  Доминик Тимнен алда болды. 2 сағат 7 минутқа созылған үш сеттегі бәсеке 6:2, 6:2 және 6: 3 есебімен аяқталды. Оның отандасы   Давид Ферер осы күні италиялық Симоне Болеллиге дес бермеді. Мұндағы ойын нәтижесі  6:2, 6:3, 6:2. Ферер  үшінші  айналымда  Италия теннисінің тағы бір өкілі  Андреас Сеппимен кездеседі. Бас бәйгеден үміткерлердің бірі  британиялық Энди Маррэй 1 сағат 59 минутқа созылған бәсекеде  Маринко Матошевичтен үздік шықты.  

 

Джиро д Италияның  18-кезеңінде  тұғыр төріне колумбиялық шабандоз Хулиан Арредондо  көтерілді.  Ол 171 щақырымды құраған таулы кезеңнің жарыс жолын 4 сағат 49 минут 51 секундта еңсерді.

Жеңімпазға  17 секунд ұтылған  оның отандасы Фабио Дуарте екінші орынды иеленді. Үздік үштікті ирландиялық шабандоз Филип Дейганан түйіндеді. Мәре сызығын тоғызыншы қиған астаналық Фабио Ару,  жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.  Генеральдық тізімде  колумбиялық жігіттер ерлеп тұр.  Movistar  командасының капитаны  Найро Кинтана көш бастап тұрса,  оның жерлесі Ригоберто екінші, ал француз Пьер Роллан әзірге  үшінші орында. 

 


Шайбалы хоккейден Стэнли кубогының финалында өнер көрсететін алғашқы команда белгілі. Шығыс конференциясының финалында “Монреальға” қарсы ойнаған “Рейнджерс” 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық серияның алтыншы бәсекесі Нью-Йоркте өткен болатын. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Ал үзілістен кейін “Рейнджерлер” сапында Доменик Мур мергендігімен танылды. Қалған уақытта таблодағы есеп өзгерген жоқ. “Рейнджерлер” соңғы рет Стэнли кубогының финалына 1994-ші жылы шыққан болатын. Енді “Нью-Йорк” хоккейшілерінің ақтық бәсекедегі қарсыласы “Чикаго” мен “Лос-Анджелес” арасында анықталады.