Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бокстан Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы Алматыда аяқталған әлем чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті. Әскери қызметкерлер арасындағы әлемдік додада біздің шенді боксшыларымыз жеті алтын, бір күміс және қос қола медальмен командалық бірінші орынды иеленді.

  • 4 Маусым 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz

 

Теннистен Франция ашық біріншілігінің ширек финалына шыққан үздік сегіздіктің есімі белгілі. 4-ші айналымда күтпеген жерден Роджер Федерердің жолын бөгеген латвиялық Эрнест Гулбис сенсация жасады.

5 сетке ұласқан тартысты бәсекеде швейцариялық шебер жеңіске жақын болған. Бірінші сетті өз пайдасына аяқтаған Федерер екінші партияда қарсыласына есе жіберді. Алма кезек басымдықпен өткен кездесудің тағдыры 5-ші сетте шешілді. Сындарлы сәтте сыр бермеген Эрнест Гулбис 6:3 есебімен жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалда чех Томаш Бердыхпен кездеседі. Ал Роллан Горростың басты фавориттары әлі қатарда. Испандық  Рафаэль Надаль серб Душан Лайовичты айқын ұтса, Новак Джокович Жо-Вильфрид Тсонгаға еш мүмкіндік бермеді.

 

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард “Челсиден” кетпек. Футболшының келісім шарты осы айдың соңында аяқталатыны белгілі. Алайда 35 жастағы ойыншы мен “Челси” өзара келісе алмапты.

Енді тәжірибелі шебер Американың “Нью-Йорк Сити” клубына қоныс аударады деп күтілуде. “Челси” сапында 13 жыл өнер көрсеткен Лэмпард жасыл алаңда 648 кездесу өткізген. “Ақсүйектер” құрамында 211 гол соққан ол клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген болып саналады. Сондай-ақ талантты жартылай қорғаушы үш рет Англия чемпионы, төрт рет Англия кубогын және Чемпиондар Лигасы мен Еуропа лигасын жеңген бірден бір футболшы.    


 

Футболдан Колумбия құрамасының лидері Радамель Фалькао әлем чемпионатына бармайтын болды. “Монако” шабуылшысы қаңтарда алған жарақатынан әлі сауықпапты.

Денсаулығы сыр берген Фалько дәрігердің қарауында болған. Тіпті жаттығуға да кірісіп кеткен. Бірақ бабына ене қоймаған шабуылшыны  ұлттық құраманың бапкері тізімге қоспапты. Фалькао Оңтүстік америкалық топта өз құрамасының үздік сұрмергені атанып, 13 кездесуде 9 гол соққан болатын.