СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ари Пекка Селин мен бас менеджер Нұрлан Оразбаев өз қызметтерін босатты. Бұл туралы шешім Қазақстан хоккей федерациясының отырысында белгілі болды.

  • 12 Маусым 2014
  • 174
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезекте финляндиялық маманның құрамадан кетуіне Беларусь жерінде өткен әлем чемпионатының нәтижесі түрткі болды. Естеріңізге сала кетсек біздің құрама Минскте өз тобындағы ең соңғы орын алып, жоғарғы дивизионда өнер көрсету құқынан айрылған болатын. Енді Селин мен Оразбаев Астананың “Барысындағы” қызметіне қайта кіріспек. 

 

Көпкүндік велодода «Критериум дю Дофиненің» үшінші кезеңінде неміс Никиас Арндт олжа салды. Екі бірдей күрделі асудан тұратын кезеңнің тағдыры мәре алдындағы спринттік бәсекеде шешілді.

Көмбеге  үзеңгі қағыса жеткен топ ішінен Арндтың жолы болса, бельгиялық Крис Бекманс екінші, ал оңтүстік африкалық Янсе ван Ренсбург үшінші орынды иеленді. 

«Астана» сапында  ең жоғары нәтиже көрсеткен  Якоб Фульсанг  мәре сызығын 21-інші болып қиды. Артта қалған үш кезеңнің нәтижесі бойынша  генеральдық тізімде  британиялық Кристофер Фрум көш бастап тұр. Оның ізін басып келе жатқан  әйгілі шабандоз Альберто Контадор  лидерден 12 секундқа қалып келеді.

 

WBA және IBO версияларының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин  кезекті жекпе-жегіне дайындық үстінде. 26 шілде күні жерлесіміз  өз атағын қорғау үшін 32 жастағы аустралиялық  боксшы Дэниэл Гилмен кездеседі.

Бұл матч Геннадий Головкиннің  кәсіпқой бокстағы 30-шы,  ал чемпиондық белбеуін қорғау жолындағы 11-інші  бәсеке болмақ.  Нью-Иоркте алдағы  титулдық матчқа орай алғашқы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының суперчемпионы Геннадий Головкин  29 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Соның ішінде 26 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтаса, қарсыласы Дэниэл Гилдің көрсеткіші де жоғары.  Шаршы алаңға 30 рет көтерілген аустралиялық боксшы 16 қарсыласын тізе бүктіріп, тек екі матчта жеңіліс тапқан.


 

Америкада ұлттық баскетбол қауымдастығының финалдық сериясы қыза түсті. Бұл жолы “Майамиға” қонаққа барған “Сан-Антонио” сырт алаңда жеңіске жетті.

Бірінші кезеңнен ойынды өз бақылауында ұстаған қонақтар алаң қожайындарын қиын жағдайда қалдырды. Шабуылда еркін ойқастаған Кавай Леонард кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. Оның еншісінде 29 ұпай. Ал “Майами” сапында Дуэйн Уэйд пен Леброн Джеймс 22 ұпайдан алған. Бірақ олар өз командасына көмектесе алған жоқ. Қорытынды есеп:   111:92,   “Сан-Антоионың” пайдасында. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда әзірге 2:1 есебімен “Сан-Антонио” алда тұр. Төртінші бәсеке де екі күннен кейін Майамида өтпек.