Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Мундиальдағы кезекті жарыс күні тағы екі топ бойынша алғашқы іріктеу раунды  мәресіне жетті.   Эквадор, Гондурас, Босния және Герцеговина мен Иран  мундиальмен қоштасса, Франция, Швейцария, Аргентина және Нигерия  плей-офф кезеңіне  аяқ-басты. 

  • 27 Маусым 2014
  • 235
Фото - Caravan.kz

 

 «F» тобына көз жүгірте кетсек, мұнда  мүмкін болған тоғыз ұпайды  түгел қоржынға салған  Аргентина плей-оффқа бірінші орынмен шықты.  Олар соңғы турда  Нигерияның алдын орап кетті. Есеп 3:2.

Матч сайын гол соғып жүрген  Лионель Месси бүгінгі бәсекеде қанжығасын екі рет майлады. Одан  Нигерияның сұр мергені Ахмед Муса да қалыс қалған жоқ. Аргентинаның қақпасынан табылған қос допты да  осы Ахмед Муса салды.  Дегенмен африкалықтарға  келесі раундқа өту үшін осы нәтиженің өзі жетіп жатты. Олай дейтініміз  екінші жолдамадан үмітті болған Иран  1:3 есебімен Босния және Герцеговинадан ұтылып қалды. Топтық бәсекенің қорытындысы бойынша  Нигерия құрамасы  Францияға тап болса,   плей-оффтың тағы бір жұбын Швейцария мен   Аргентина құрады.  

 

Талабы таудай  Зарина Дияс Уимблдонның бірінші айналымында, франциялық Кристина Младеновичтен басым түсті. Тай брейкке ұласқан бірінші сетті өз пайдасына шешкен Зарина, келесі кезеңде  қарсыласын ұзаққа жіберген жоқ. Жерлесіміз мәртбелі доданың екінші айналымында испаниялық Карла Суарес-Наварромен ойнайды.

Польшаның үздік теннисшісі Агнешка Радваньска алғашқы матчта аустралиялық Кейси Деллакаудан алда болды. 56 минутқа жалғасқан бәсекедегі есеп 6:4, 6:0.   Әлемнің екінші ракеткасы Новак Джоковичпен сынға түскен Радек Штепанек  жарыс жолынан шығып қалды.  Төрт сеттегі  ойын 6:4, 6:3, 6:7 және 7:6 есебімен  сербиялық теннисшінің пайдасына шешілді.  Турнирдің былтырғы жеңімпазы Энди Маррэйдің де екпіні күшті.  Словениялық теннисші Блаж Ролаға қарсы ойнаған   британдық  теннисші 6:1, 6:1 және 6:0 есебімен айқын  жеңіске жетті.