Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

«G» және «H» тобындағы соңғы турдың ойындарынан кейін мундиальдың плей-офф кезеңінде өнер көрсететін он алты құрама түгел белгілі болды. «G» тобындағы шешуші турда АҚШ пен Германия және Португалия мен Гана кездесті.

  • 28 Маусым 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz

«H» тобында Бельгия құрамасы дара шықты. Еш нәрсеге алаңдамаған топ лидері үшінші турда Оңтүстік Кореяны ұпайсыз қалдырды. Азиялықтарды жарыстан шет қалдырған жалғыз гол Ян Вер тонгеннің енішсінде. Өз кезегінде Алжирдің алғыр жігіттері орыстарды оңдырмады. Ә дегеннен есеп ашып алға шыққан Фабио Капеллоның командасы, уақыт өте ойын тізгінінен айрылып қалды. Нәтижесінде таразы басын теңестіріп кеткен Алжир, осы топтағы екінші жолдаманы иеленді. Алдағы плей-офф кезеңінде Германия- Алжир және Бельгия мен АҚШ кездеседі. 

 


Қазақ теннисінің төл түлегі Зарина Дияс, Уимблдонның үшінші айналымында әлемнің 15- ракеткасы Карла Суарес- Наваррооны қапы қалдырды. Бұрын-соңды өзара кездеспеген теннисшілер бәсекесі аса тартысты өтті.

2 сағат 45 минутқа созылған матчтағы алғашқы кезеңді 7:6 есебімен Зарина ұтса, екінші сет испаниялық теннисшінің пайдасына шешілді. Есесіне шешуші сетті белсенді өткізген жерлесіміз атақты қарсыласының адымын аштырмады. Бұл сеттегі нәтиже 6:2. Үшінші айналымда Зарина Дияс ресейлік Вера Звонаревамен күш байқасады.