Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бразилиядағы мундиальдың  ширек финалында өнер көрсететін сегіз құрама түгел белгілі.   Плей-оффтың екінші раундында өзара кездесетін соңғы жұпты Бельгия мен Аргентина құрады.   Сан-Паулуда Аргентина 1:0 есебімен Швейцарияны ұтса, Бельгия  2:1 есебімен АҚШ-тан басым түсті.

  • 3 Шiлде 2014
  • 184
Фото - Caravan.kz


 

Жерлестеріміз Зарина Дияс пен Ярослава Шведова Уимблдонның ширек финалына жете алмады.  Зарина  әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық Симона Халептен, ал Ярослава неміс теннисшісі Сабин Лисицкаядан ұтылды.

Ресей теннисінің беткеұстар өкілі Мария Шарапова  төртінші айналымда Ангелик Керберге есе жіберді. Екі жарым сағатқа жалғасқан бәсекеде  6:7,6:4 және 4:6 есебімен германиялық теннисшінің жолы болды. Ең қызығы  әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль,  19 жастағы аустралиялық теннисші Ник Кирьостан жеңіліс тапты. Әлемдік рейтингте 144-ші орынға жайғасқан Кирьос  ширек финалда канадалық Милош Раоничпен күш байқасады.