Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Алматыда бокстан ҚР «Президенті кубогы» үшін 4- халықаралық турнир өтіп жатыр.  Дәстүрлі жарысқа  Қазақстанның үздік боксшылары түгел қатысуда.  Сондай-ақ Куба, Өзбекстан, Моңғолия және Украйна  Алматыдағы жарысқа  кіл мықтыларын  ерте келіпті.

  • 11 Шiлде 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Ресейдің құрамында да  оза-шауып бәйге алып жүрген боксшылар аз емес.  Осыған қарағанда Алматы шаршы алаңындағы негізгі тартыс жоғары аталған командалар арасында өрбитін сияқты. Азия ойындарына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасы әр салмаққа үш боксшыдан қосып отыр. Бұдан шықты ұлттық құрама ішіндегі өзара  бәсекелестік жарысты одан әрі жандандыра түсері  сөзсіз. 49 келіде әлем чемпионы Біржан Жақыповқа Теміртас Жүсіпов қарсы тұрса, 75 те тағы бір чемпионымыз Жәнібек Әлімханұлы  шаршы алаңда Рүстем Сыбаев немесе Сапарбай Айдаровтың бірімен  жолығып қалуы мүмкін. 81, 91 және 91 келіден жоғары  салмақтардан да интрига күтеміз.  Аса ауыр салмақта Нұржан Бекзатов пен Қамшыбек Қоңқабаев  ұлттық құраманың бірінші нөмірдегі боксшысы  Иван Дычконы тақтан тайдыруға күш салып көрмек.

 

Голландия финалға жете алмай жығылды. «Жауқазын» елінің футбол баһадүрлері мундиальдың  жартылай сынында Аргентинаға есе жіберді.  Сонымен 20- әлем чемпионатының ақтық жұбын  Германия мен Аргентина құрады.

Екінші жартылай финалдың тағдырын  футбол лотереясы шешіп берді.  Ашық ойыннан қашқақтаған қарсыластар  алғы шепте өткір ойын көрсете қойған жоқ.  Нәтижесінде негізгі уақытта таблодағы нөлдер өзгеріссіз қала берді.  Отыз минуттық  экстра таймнан қайыр болмады.  Не керек пенальтиге жүгінгі бәсекеде  аргентиналық жігіттердің бағы жанды. 4:2 есебімен аяқаталған 11- метрлік сериядағы  шешуші голды Макси Родригес соқты. Енді 13 шілде күні Германия мен Аргентина арасында өтетін  мундиальдың басты матчын асыға күтетін боламыз. Ал оның алдын яғни сенбіде Голландия мен Бразилия  чемпионаттың қола жүлдесін сарапқа салады.    

 


Тур де Франстың бесінші кезеңінде  астаналық велошабандоздар тамаша нәтиже көсретті. Күрделі жарыс жолы саналған  кезеңде Якоб Фульсанг екінші, ал  команда капитаны Винченцо Нибали  мәре сызығын  үшінші қиды.

Ең бастысы  бес кезеңнің қорытындысы бойынша «Астана» велоклубы командалық есепте бірінші орынға көтерілді.  Бельгияда жалғасқан бүгінгі  жарыстың  бас жүлдесі голландиялық шабандоз Ларс Бомның қанжығасында кетті.  Генералдық тізімге келсек,   астаналық қос шабандоз  Винченцо Нибали мен Якоб Фульсанг әзірге көш бастап тұр. Бұл дуэльде Нибали екі секунд алда десек, осы кезеңнен кейін үшінші орынға сырғыған словак  Петер Саган  лидерден  44 секундқа қалып қойды.