Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Алматыда бокстан Федерация Кубогының алғашқы жартылай финалына шыққан құрама анықталды. Осымен 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бәсекеге еліміздің барлық аймағының үздік боксшылары қатысқан болатын.

  • 5 Тамыз 2014
  • 208
Фото - Caravan.kz

Биыл бірінші рет әр облыс өз қарсыластарын жеребе тарту арқылы анықтады. Нәтижесінде А- тобына: Алматы қаласы, Павлодар облысы және Маңғыстаулық былғары қолғап шеберлері түсті. Өкінішке орай Шығыс қазақстандық спортшылар қаржылық тапшылыққа байланысты Алматыға ат басын бұра алмапты. Республикалық спорт колледжінің шаршы алаңына бірінші болып Алматы мен Павлодарлық боксшылар көтерілді. Тартысқа толы бәсекеде жергілікті боксшылар 6:4 есебімен жеңіске жетті. Есесіне павлодарлықтар 6:5 есебімен маңғыстаулықтардан басым түсті. Ал шешуші бәсекеде алматылық боксшылар 7:3 есебімен жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ ақтық бәсекеде Оңтүстік Қазақстандық спортшылардан алда болған Ақмола облысының боксшылары да келесі кезеңге өтті. Биылғы Федерация кубогының жүлде қоры 25 миллион теңге. Енді финалдық кездесулер желтоқсанның 14-15 аралығында  Астанада анықталады.

 

Қазақстандық тенисші Галина Воскобоева Алматыда балаларға шеберлік сабағын өткізді. Ең алдымен «жасыл доп» турнирінің жеңімпаздарын марапаттаған спортшы, 10 жасқа дейінгі жеткіншектерге теннистің қыр сырын үйретті.

Қазір аздаған жарақатына байланысты үлкен теннистен уақытша қол үзген Воскобоева осы жылдың басында Қазақстанның бірінші ракеткасы болған. Бос уақытын балаларға арнаған теннисші жастармен естелік суретке түсіп, қолтаңба таратты. Әзірге Галина Воскобоева қашан өз бабына еніп, жарыстарға қатысатынын нақтылаған жоқ.


 

Франция ұлттық құрамасының және «Марсельдің» жартылай қорғаушысы Матье Вальбуэна мәскеулік «Динамоға» қоныс аударды.

29 жастағы футболшымен келісім-шарт үш жылға жоспарланған. Трансфер құны 7 миллион еуро.  2006-шы жылдан бері «Марсельде» өнер көрсетіп келе жатқан ол 331 матч өткізіп, 38 гол соққан. Ал ұлттық құрама сапында 2010-шы жылдан бастап алына бастаған Вальбуэна осы уақытқа дейін 38 кездесуде 6 рет мергендігімен көзге түскен. Ал өткен әлем чемпионатында Франция құрамасымен  4 кездесуде өз командасын алға сүйреп, Швейцария қақпасына гол соққан болатын. Бойы не бары 167 сантиметр ғана жартылай қорғаушы соңғы жылдары өз құрамасының нағыз лидеріне айналған.