Матчтың 14-ші минутында Стивен Джерард есеп ашты. Бірінші таймның соңына дейін таблодағы нәтиже өзгере қойған жоқ. Ал үзілістен кейін Уэйн Руни таразы басын теңестірді. Көп ұзамай Хуан Мата манчестерліктерді алға шығарды. Қалған уақытта Джесси Лингор тағы бір гол соғып, қорытынды есепті орнатты. Естеріңізге сала кетсек бұл турнирға сегіз команда қатысқан. «Манчестер Юнайтед» топтық кезеңде «Рома», «Интер» және Мадридтық «Реалды» ұтқан болатын.
Коста-Рика құрамасының және Испандық клуб «Левантенің» қақпашысы Кейлор Навас енді Мадридтық «Реалда» өнер көрсетпек.Костарикалықпен келісім-шарт 6 жылға жоспарланған.
Ол «Реалдан» «Монакоға» ауысқан Диего Лопестің орнына келіп отыр. Алайда тас қамал голкипер «Реалдың» негізгі қақпашысы Икер Касильястың өзін алаңнан ығыстыруы да ғажап емес. 27 жастағы Навас Бразилиядағы әлем чемпионатында өз құрамасымен ширек финалға дейін жетіп, Голландия құрамасына тек пенальтиден жол берген болатын. Сол Мундиальда ол үздік қақпашылардың бірі ретінде танылған.
Англияның «Манчестер Сити» клубында өнер көрсететін француз Самир Насри ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады. 2007-ші жылдан бері Франция құрамасының намсын қорғаған 27 жастағы футболшы осындай мәлімдеме жасады.
Естеріңізге сала кетсек Насри әлем чемпионатына баратын футболшылар тізіміне енбеген болатын.
Бас бапкер Дидье Дешамның айтуынша ол қосалқы құрамда отыруға келіспеген. Франция құрамасы сапында 41 матч өткізген ол 5 гол соққан. Самир Насри енді «Манчестер Ситимен» бірге одан әрі биік шыңдарды бағындыруға дайын екендігін жеткізді.