Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Ертең Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финал бәсекелері өтпек. «Ақтөбе» өз алаңында «Астананы» қабылдаса, алматының «Қайраты» қарағандылық «Шахтермен» өзара кім мықтыны анықтайды.

  • 16 Тамыз 2014
  • 301
Фото - Caravan.kz

«Қайрат» пен «Шахтер» ел кубогы жолында 6 рет кездескен. Соның екеуінде қарағандылықтар жеңіске жетсе, төрт матчта алматылықтар басымдық танытқан. Жалпы «Қайрат» Қазақстан кубогын 5 рет төбесіне көтерген. Қазірде Владимир Ваисс шәкірттері маңызды матч алдында дайындықтарын пысықтап жатыр. «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы матч ертең  Астана уақытымен сағат 20:00 де басталады.  Ал қазір «Қайраттың» намысын қорғап жүрген Аслан Дарабаев өзінің бұрынғы командаластарына қарсы ойнамақ.

Испанияда көпкүндік   «Вуэльта Бургос»  велододасы   жалғасуда. Дәстүрлі жарыстың екінші кезеңінде иатлиялық шабандоз Маттео Пелуччи топ жарды.

152 шақырымды құраған кезеңнің түйіні үзеңгі қағыса жарысқан спринтерлер бәсекесінде шешілді.  Өзгелердің алдын орап кеткен Маттео Пелуччи бас жүлдені еншілесе, голландиялық Стивен Ламмертник екінші нәтиже көрсетті.  Тұғырдың үшінші сатысына  француз Томас  Дамюсо көтерілді. Астана сапынан мәре сызығын бесінші қиған Валерио Аньолиді атап кетуге болады. Жалпы есепте әзірге   испаниялық шабандоз Хуан Хосе Лобато көш бастап келеді. 


Британиялық теннисші Энди Маррэй  Цинцинаттидегі турнирде сәтті өнер көрсетуде.  27 жастағы Маррэй   жарыстың  үшінші айналымында америкалық Джон Изнерден алда болды.

Екі жарым сағатқа созылған матчтағы алғашқы сетте Джон Изнер басымдық танытты. Алайда қалған екі сетті өз пайдасына асырған Энди Маррэй   ширек финалдан орын алды. Осы күні швейцариялық Роджер Федерер 6:4, 4:6 және 6:3 есебімен  француз Гаэл Монфистен басым түсті.  Келесі айналымда Роджер Федерер  Энди Маррэймен күш байқасатын болады. Әлемнің бірінші ракеткасы серена Уильямс үшінші айналымда  италиялық Флавио Пеннеттаға дес бермеді. Тура 1 сағатқа жалғасқан  екі сеттегі  есеп те  6:2 есебімен аяқталды.

Бүгінге осы! Спортпен шұғылданып сергек жүрейік!