Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бүгін Қазақстандық қос команда Еуропа Лигасының плей-офф бәсекесінде өнер көрсетеді. Көптен күткен матчта «Астана» испаниялық «Вильярреалмен», ал «Ақтөбе» Польшаның «Легия» командасымен күш сынасады.

  • 22 Тамыз 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш рет екі бірдей қазақстандық команда еурокубок додасының топтық кезеңінде өнер көрсетуге жақын. «Астана» Еуропа Лигасының екінші іріктеу раундында израильдың «Хапоэль» командасын, одан кейін швецияның «АИК» клубын жарыс жолынан шығарған. Бірақ бұл жолы Станимир Стойлов шәкірттеріне жеребе жолдас болмады. Испанияның «Вильярреал» командасы азуын айға білеген тәжірибелі клуб. Ал Еуропаның мәртебелі турниры Чемпиондар Лигасының плей-офф бәсекесіне бір табан жетпей сүрінген «Ақтөбе» енді өз бағын Еуропа Лигасында сынап көрмек. Олардың қарсыласы Польшаның «Легия» командасы.

Владимир Газзаев «Ақтөбе» командасының бас бапкері:

— Біз жылдам гол соғуға тырысамыз. Әрине бұл кездесу бізден аса жоғары мұқияттылықты талап етеді. Мен біздің жігіттерге сенемін.

Бұл Шотландияның «Селтик» командасын қос матч нәтижесі бойынша 6 :1 есебімен тас талқан еткен футболшылар. Өкінішке орай қарымта кездесуде «Легия» сапында алаңға шығуға тиіс емес Бартош Берешинский соңғы төрт минутта доп тепкен. Соның кесірінен УЕФА бұл команданы Чемпиондар Лигасынан шеттеткен.          

Хеннинг Берг
,«Легия» командасының бас бапкері:

— Чемпиондар Лигасындағы келеңсіз жағыдай біздің ойыншыларға әсер етпеу керек деп ойлаймын. Енді бізді алда жаңа белес күтіп тұр. Қос ойында «Ақтөбені» жеңіп, топтық кезеңге шығуымыз керек.

Қазір «Ақтөбе» футболшылары маңызды матч алдында жаттығуларын пысықтап жатыр.Бір қуантатыны командада жарақат алғандар жоқ. «Ақтөбе» мен «Легия» сондай-ақ «Астана» мен «Вильярреал» арасындағы матч Астана уақытымен кешкі сағат 21:00 де басталады.

Алматыда су добынан әлем кубогы одан әрі жалғасуда. Екінші жарыс күні Оңтүстік Африка мемлекеті мен Сербия құрамасы кездескен болатын.

Ойын тізгінін уысынан шығармаған Сербия 1:17 есебімен қарсыластарын ойсыратты. Ал АҚШ құрамасымен кездескен Чернагория 7:11 есебімен жеңісті тойлады. Сондай-ақ Хорватия Австралиядан басым түсті. Өкінішке орай Қазақстан құрамасы 9:15 есебімен Венгриялық спортшыларға жол берді. Бүгінгі жарыс күнін Чернагория құрамасы тағыда жеңіспен бастады. Бұл жолы олар Оңтүстік Африка командасын 12:4 есебімен тас талқан қылды.