Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Футболдан Испания Ла Лигасының жаңа маусымы бастау алды. Алғашқы айналым айтарлықтай сенсация әкелген жоқ. Десе да былтырғы чемпион мадридтық «Атлетико» мен «Реал» өз кездесулерін бүгін өткізбек.

  • 26 Тамыз 2014
  • 147
Фото - Caravan.kz

Ал «Барселона» «Камп-Ноуда» «Эльчені» айқын ұтты. Шабуылда Неймар мен Суарес болмаса да Луис Энрике шәкірттері аутсайдер командаға еш мүмкіндік берген жоқ.  42-ші минутта Леонель Месси биылғы маусымдағы тұңғыш голын соқты. Бұдан кейін Хавьер Маскерано ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Бірақ өткір шабуылдарын тоқтатпаған «Барселона» 46-шы минутта есепті еселеп кетті. Гол авторы жас шабуылшы Мунир Эль-Хаддади. Қалған уақытта бірнеше қорғаушының арасынан еркін ойқастаған Месси дубль жасады.  Қортынды есеп 3:0.    

 

Испанияда жылдың соңғы гранд туры «Вуэльта» жалауын көтерді. Жарыс шымылдығын ашқан командалық сайыста  «Movistar» үздік шықты.

Альхесирас пен Сан-Фернандо арасында өткен екінші кезеңнің тағыдырын спринтерлер бәсекесі шешіп берді. Бұл кезеңнің бас жүлдесін   мәре алдында тура жолда өзгелердің алдын орап кеткен  француз Насер Буанни иеленді.  Неміс Джон Дегенкольб екінші, ал италиялық шабандоз Роберто Феррари тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.  «Астана» клубы сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен Якопо Гуарнери.  Ол 19- орыннан табылды.  Екі кезеңнен кейін жалпы есепте испаниялық Алехандро Вальверде көш бастап келеді.

 


Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу кезеңі жалғасуда. Өз алаңында «Алматы» хоккей клубын қабылдаған  Теміртаудың «Арыстаны» 2:3 есебімен жеңілді.

Кездесудің 16 минутында   қонақтарды қыспаққа алған айдын иелері есеп ашып алға шықты. Бірақ  алматылық ұжымның жауабы көп күттірген жоқ. Сәті келгенде «Арыстанның» қақпашасын қапы қалдырған Орлов таразы басын теңестірді. Көп ұзамай Золотухин ұйытқы болған комбинацияны нәтижелі соққымен аяқтаған Ковзалов «Алматыны» алға шығарды.  Шабуылды үдете түскен  айдын иелері есепті теңестіргенімен,  матчтың соңғы минутында  үшінші голды жіберіп алды.  Осы күні өткен тағы бір бәсекеде Атыраулық  «Бейбарыс»  рудныйлық «Горняктан» басым түсті. Есеп 5:4.