«SportFEST Kazakhstan» Республикалық спартакиадасының ақтық мәресі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«SportFEST Kazakhstan» Республикалық спартакиадасының ақтық мәресі басталды

«SportFEST Kazakhstan» Республикалық спартакиадасының ақтық мәресі басталды

31 мамыр мен 5 маусым аралығында «Балдәурен» РОСО-да республикалық «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының гранд-финалы өтеді. Іс-шараға аудандық және облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 8-10 сынып оқушылары қатысады: барлығы – республика бойынша қатысқан 6000-нан 528 финалист іріктелген.

  • 28 Мамыр 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Турнир спорттың 6 түрінен өткізіледі: футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, баскетбол және тоғызқұмалақ.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Калетаев, Ақмола облысы әкімі Мәлік Мурзалин және Серік Сапиев, Динара Садуақасова сында спорт жұлдыздары қатысады.

«SportFEST Kazakhstan» жобасы 2017 жылдың күзінде бастау алды. Жоба бұқаралық спортты дамытуға және жастарды салауатты өмір салтына бейімдеуге бағытталған. Ұйымдастарыушылары — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» жеке қоры. 


 

Соңғы жаңалықтар