SportFESTKazakhstan болашақ чемпиондарды тәрбиелейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SportFESTKazakhstan болашақ чемпиондарды тәрбиелейді

SportFESTKazakhstan болашақ чемпиондарды тәрбиелейді

Бір жыл бойы мектеп спартакиадасы аясында еліміз республикамыздың әр өңірінің үздік спортшыларымен танысты. Олардың арасында кәсіби спортсмендер, халықаралық сайыс жеңімпаздары жоқ. Барлығы да бағын сынап көруге ниет білдірген 8-10 сынып оқушылары. Алайда әрқайсысы жеңіске деген ынтасы бар, болашағынан үлкен үміт күттірер жастар.

  • 27 Маусым 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Оқушылардың біразы спорт әлемінде биікті бағындарарына сенемін. Спартакиада болашақ чемпиондарды тәрбиелейді деп те сеніммен айтуға болады. Осы уақытқа дейін қанша жарыстарға қатыссақ та, дәл бұндай ауқымды шараны алғаш көріп отырмыз. Концерттер енді тіптен бөлек әңгіме. Жарыс қана емес, балалар үшін естен кетпес демалыс күндер болды десек те болады, — дейді Жамбыл облысынан келген жаттықтырушы Нәжмиден Ысқақов.

Жоба қонақтарының пікірінше, әскери-қолданбалы спорт түрлері негізгілердің бірі. Себебі ол спорт болып қана қоймай, ұлтжандылық пен патриотизмге баулиды.

Әскери-қолданбалы спорт әскерге баруға ниетті балалар үшін негізгі, әрі маңызды болып табылады деп ойлаймын. Бұл жарыстар болашақта еліміз үшін қажетті мамандарды әзірлеп, бұқаралық спортты дамытуда өз үлесін қосады деген ойдамын. Балалар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтына бейімделеді. Бұл мемлекетіміз үшін де өте маңызды, — дейді Берниязов Мұхтар Еламанұлы,ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спортклубының өкілі.

Естеріңізге салсақ жарыстар қыздар арасындағы баскетбол, жігіттер арасындағы футзал, ұлттық ойын тоғызқұмалақ, шахмат, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен үстел теннисі бойынша өтті. Атап өту керек, соңғысы бойынша алтын жүлденің екеуі де павлодарлықтардың еншісінде.

Жарысқа қатысқаным үшін өте қуаныштымын. Жеңіске жетіп, осындай тамаша сыйлықтар алғаныма дән ризамын. Дәл қазір қуанып тұрғанымнан, тіпті не дерімді де білмей тұрмын. Бәрі де тамаша өтті. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, — деді үстел теннисі бойынша ұлдар арасындағы жеңімпаз Андосов Сабыржан.

Маған жарыс өте ұнады, ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде. Бұл сайысқа қатысып қана қоймай, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қарсыластарым мықты болды, дегенмен алтын жүлде менің қанжығамда. Үстел теннисінен бірінші орын алғаным үшін велосипед сыйлады, бұл керемет сый болды, — дейді павлодарлық Аймира Баканова.

Айта кету керек, бірінші орын үшін – велосипедтер, екінші орынға гироскутер мен үшінші орын иегерлеріне электрсамокаттар табысталды. Қатысушылардың ешқайсысы ынталандыру сыйлықтарынсыз қайтқан жоқ.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылды.

Соңғы жаңалықтар