Спортшыларға әнұранды жатқа айту заңмен міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшыларға әнұранды жатқа  айту заңмен міндеттелді

Спортшыларға әнұранды жатқа айту заңмен міндеттелді

Спортшыларға әнұранды орындау заңмен міндеттелді.Ендігіде спортшылар шетелде қазақ әнұраны ойнатылғанда оң қолын жүрек тұсына қоюмен шектелмей, оны жатқа айтуы тиіс. Бүгін Сенат қолданыстағы заңға осындай өзгеріс енгізіп бірауыздан мақұлдады. 

  • 27 Маусым 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

Сенаторлардың мұндай қадамға баруы тегін емес. Өйткені соңғы жылдары қазақ әнұраны күлкіге қалып әлемге ұятты болғаны жасырын емес. Мәселен екі жыл бұрын Кувейттегі жарыста Қазақстан атынан қатысқан спортшы алтын алып тұғырға көтерілгенде Бораттың комедиялық фильміндегі жезөкшелер жайлы сайқымазақ әні ойнатылған еді. Әнұранға қатысты тосын оқиға өз елімізде де, бірнеше рет орын алды. Оның үстіне Олимпиадада, әлем чемпионатында топ жарған спортшыларымыз әнұранның сөзін білмей күмілжіп қалатыны тағы бар. Енді оны білу заңмен міндеттеліп отыр. Тіпті бүгін  сенаторлар қыруар қаржы бөлініп жатқан спорт клубтарына шүйлікті.


Қожахмет Баймаханов, Сенат депутаты:

-Мысалы, мына хоккей командасына «Қазақстан темір жолы» арқылы 40 млн. доллар бөлінеді екен. 40 млн доллар. Ол деген 80 млрд теңге ақша. Қызылорда қаласының 4 жылдық бюджеті ол.