Спортшыларға пәтер беру ережесі өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшыларға пәтер беру ережесі өзгереді

Спортшыларға пәтер беру ережесі өзгереді

Енді чемпиондар жалдамалы пәтерлерде 10 жыл тұрғаннан кейін ғана тұрғын үйді жекешелендіре алады. 

  • 18 Қыркүйек 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baribar.kz хабарлайды.

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралды. Онда әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне баспана беру ережелеріне түзетулер енгізілген.

Түзету чемпиондар мен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның қалалық тұрғын үй қорынан пәтер жалдауға және оны 10 жылдан кейін меншікке алуға арналған механизмді енгізуді қарастырады. Сонымен қатар әлем чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің мүддесі қамтамасыз етіледі, – деді депутат Наталья Жұмаділдаева.

Оның айтуынша, Паралимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлерінің қажеттіліктері жергілікті атқарушы органнан пәтер алған кезде ескеріледі.

Депутат Ольга Шишигинаның айтуынша, қазіргі уақытта спортшыларға пәтер жүлде алғаннан кейін беріледі. Егер олар допинг жанжалына қатысса, мүлікті қайтару кезінде қиындық туындайды. Жаңа түзетулерге сәйкес, допинг қолданған спортшылар шеттетіліп қана қоймай, бұған дейін алған барлық марапаты мен берілген пәтерінен де айырылуы мүмкін.

Айырмашылық мынада, бұрын спортшыларға пәтер берілген кезде бірден олардың меншігіне өтетін. Енді пәтер 10 жыл жалға беріледі. Егер осы кезеңде бәрі жақсы болса, онда ол баспананы жекешелендіре алады. Мәселе мынада, спорттан шететілу басталғанда пәтерлер сыйға беріліп қойған еді. Біз бұл мүлікті спортшылардан заң бұзып алып кетуге мәжбүр болдық. Заңды бұзбау үшін пәтер жалға беріледі, уақыт өткеннен кейін баспана олардың меншігіне беріледі, – деді депутат.


18 қыркүйек күні Парламент Мәжілісінде Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар “Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты бекіту туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын қарады.

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бойынша да қорытынды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар