СҚО әкімі бағыныштыларының жемқорлығы үшін отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО әкімі бағыныштыларының жемқорлығы үшін отставкаға кетті

СҚО әкімі бағыныштыларының жемқорлығы үшін отставкаға кетті

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден екі бірдей облыстың әкімін ауыстырды. Президент жарлығымен Сергей Кулагин Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды. Бүгінге дейін Сенат депутаты болған  Кулагиннің бұл өңірге басшы болып екінші рет келуі. 98-ші жылдан бастап оның Ақмола облысын 6 жылдай басқарғанын айта кетейік. Ал экс-әкім Қосман Айтмұханбетовке қандай қызмет бұйыратыны әзірге белгісіз.

  • 28 Мамыр 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров те қызметінен алынды. Бүгін Петропавлға шұғыл ұшып барған Президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Енді аймақты 58 жастағы теміржолшы Ерік Сұлтанов басқарады. Ол бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында вице-президент болған. Ал өз еркімен отставкаға өтініш жазған солтүстіктің  бұрынғы әкімі Ескендіровтің қызметтен кетуіне қарамағындағыларының бірінен соң бірі парамен ұсталуы себеп болса керек.


Нұрлан Нығматулин, ҚР президент әкімшілігінің жетекшісі:

-Облыста бірқатар лауазымды тұлғалар жемқорлыққа қатысты айыпталып отыр. Құрылыс басқармасының басшысы қамауға алынды. Облыс әкімінің  орынбасары да істі болып жатыр. Мұны бәріңіз жақсы білесіздер.