Биылғы жылы «Алтын белгiні» солтүстікқазақстандық 37 түлек алды. Сондай-ақ халықаралық және ғылыми олимпиадалар жеңімпаздары мен үздік аттетстат иегерлері құттықталды.
«Біз бүгін «Қазақстан балалары — Нұрлы жолмен» Солтүстік Қазақстан облысының үздік мектеп бітірушілерін салтанатты марапаттау рәсіміне жиналдық. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» экономикалық саясатын жүзеге асыруда жас ұрпаққа үлкен үміт артады. Сол ұрпақтың өкілдері сіздер боласыздар. Сіздер — еліміздің, өңіріміздің болашағы, оның басты әлеуеті болып табыласыздар», — деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.
Облыс әкімі ҰБТ нәтижесі бойынша 123 балл жинаған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әсел Шәріповаға ақшалай сыйлық пен ноутбук сыйға тартты.
Айта кетейік, биыл өңір бойынша 3733 түлек мектеп бітірді.
