СҚО ауылдарында үй құстары қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО ауылдарында үй құстары қырылып жатыр

СҚО ауылдарында үй құстары қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір ауылдарында үй құстары жаппай қырылып жатыр.

  • 14 Қыркүйек 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Мамандар оның нақты себебін әзірге анықтай алмай отыр, хабарлайды «Azattyq Rýhy».

Ұй құстарының жаппай қырылу фактісі Тимирязев,  Ғабит Мүсірепов және Шал ақын атындағы аудандарда тіркелген.  Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 686 бас құс қырылған. Қауіпсіздік мақсатында өлекселері өртелген. 

«Ветеринарлық қызмет мамандары құстардың ішкі ағзалары мен қанын тексереді. Сараптама материалдары республикалық ветеринарлық зертханаға жіберілді. Облыстық прокуратура жағдайды толық бақылауға алып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық прокуратураның мәлімдемесінде.

Келеңсіз жағдайға байланысты облыстық ветеринария басқармасының өкілдері де журналистерге түсініктеме берді. Аурудың қаншалықты қауіпті екені әзірге белгісіз. Сондықтан мамандар сақтық шаралары барынша жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу, құстардың қырылуына қатысты жаңа фактілерді уақытында анықтау мақсатында мониторинг жүргіземіз. Алдын ала болжам бойынша,құстардың қырылуына пастереллез, сальмонеллез, құс тұмауы немесе колибактериоз сияқты аурулар себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл аурулардың барлығының клиникалық белгілері өте ұқсас. Әрине, нақты диагноз сараптама нәтижесі шыққаннан кейін ғана белгілі болады. Бұл аурулардың барлығы жұқпалы», — деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.


Берік Әлжановтың айтуынша, құстар қырылып жатқан ауылдарда карантиндік шаралар әзірге енгізілмейді. Себебі аурудың нақты диагнозы белгісіз. Құстар сырқатының адам ағзасына қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз екені де әзірге беймәлім.

Соңғы жаңалықтар