«Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы ОҚО-да дүниеге келді. Қазақ химиялық-технологиялық институтын инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша аяқтаған, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, ШҚО мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған», — делінген хабарламада.
Еңбек жолын ол 1986 жылы жылыжай комбинатында бастады.
1993-1994 жылдары Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық әкімдігінде жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы, бас маманы болып қызмет атқарды.
1998 жылы ҚР мемлекеттік қызмет агенттігінің реформалау басқармасының бас маманы болды.
2000 жылдан бастап басшылық лауазымдарда қызмет етті. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша басқарма бастығының орынбасары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы, Қызылорда облысында Тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма басшысы — ШҚО Тәртіптік кеңес төрағасы, ШҚО әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасының орынбасары болды.
2011 жылғы тамыздан бастап 2014 жылғы қараша аралығында — ҚР мемлекеттік қызмет істергі агенттігінің басқарма бастығы — Қызылорда облысында тәртіптік кеңес төрағасы болды.
Қазіргі тағайындауға дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары — тәртіптік кеңес төрағасы лауазымын атқарды.