Жарияланды: 440

СҚО: механик жөндеуге тастап кеткен автомобильді бөлшектеп, сатып жіберген

Солтүстік Қазақстан облысының Тахтаборд селосының тұрғынының техникалық қызмет көрсету стансасына (ТҚС) жөндеуге деп тастап кеткен ВАЗ-21065 автокөлігін бөлшектеп, сатып жіберіпті, деп сәрсенбі күні СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл туралы автомобиль иесіне таныс ауылдастарынан белгілі болыпты. ВАЗ-21065 автокөлігін ол жөндеуге былтырғы қазан айында апарыпты», - деді баспасөз қызметінен. Белгілі болғандай, механик ресейлік көлікті жөндеу тым қымбатқа түседі деп есептеп, оны бөлшектеп сатуға көлік иесіне көмектесіпті. Бірақ ол туралы көлік иесіне хабарлауға асықпаған. «Механик алдымен ұсақ бөлшектерін сатты, кейін қозғалтқышы мен кузовын сатыпты. Бұл туралы көлік иесі таныстарынан естіпті. Ал механиктен ақшасын алуға келгенде ол ешнәрсе сатылған жоқ деп, сонымен қатар бұрынғы көлігін де қайтармапты», - деді баспасөз қызметінен. Полицейлердің айтуынша, 22 жасар ТҚС маманына қатысты «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін