СҚО өрт салдарынан екі адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО өрт салдарынан екі адам қаза болды

СҚО өрт салдарынан екі адам қаза болды

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша СҚО Новоукраинка ауылынды 14 сәуірде сағат 2.00 төрт пәтерлі үйде шыққан өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Тілсіз жаудың кесірінен үй толық өртеніп кетті. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 10 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылып, сағат 7.00 өрт өшірілді.

Сонымен қатар, СҚО Қарақоға ауылында 14 сәуірде 19 сағат 06 минутта төрт қабатты ғимараттың ВТИ-8 кептіру камерасында өрт шықты. Өртті 22 сағат 11 минутта ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметі ауыздықтады. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 59 қызметкері мен 8 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті