Жарияланды: 370

СҚО полицейлері өздерінің кәсібьи мерекесі құрметіне 100 қызмет көлігін алды

Полицейлер күні СҚО әкімі Серік Біләлов аймақ полицейлеріне 100 қызмет көлігін тапсырды, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Соңғы жылдар ішінде СҚО-да қылмыс көрсеткіштері төмендеуде. Мына тапсырылғалы отырған көліктер облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен қылмыспен күресте одан арғы жетістіктерге септігін тигізетініне сенімдімін», - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде. Өз кезегінде СҚО ІІД Мұрат Үрімханов облыс басшылығына көрсетіп отырған қолдауы мен материалдық-техникалық жабдықтауға алғысын білдіре отырып, СҚО полицейлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың заңды құқықтары және мүдделерін қорғауда одан ары адал қызмет ете береді деп атап көрсетті. Сонымен қатар, бейсенбі күні Петропавлдың ІІБ ғимаратының жанында ІІД аллеясының салтанатты ашылу рәсімі болды. Бұл аллея полиция басшылығының бастамасымен республикалық «20 игі іс» акциясы барысында ашылған. Еске салсақ, 2007-ші жылы мемлекет басшысының жарлығымен 23 маусым Полиция күні ретінде бекітілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін