СҚО Тәжікстан мен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО Тәжікстан мен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттайды

СҚО Тәжікстан мен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттайды

Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасы Тәжікстан мен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттайды.

  • 5 Маусым 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Тайынша құс фабрикасы жуық арада осыған қатысты келісімге қол қояды.

Фабриканың бас технологі Қанат Жүсіпбеков келісімнің шарттарын орындау үшін өнімділік арттырылады.

 

«Кәсіпорын жылына 146 миллион дана жұмыртқа шығарады. 2017 жылы 11,8 миллион дана өндірген болатынбыз, ал үстіміздегі жылдың 4 айында өнімділік 27,5 миллион данаға жетті. Алдағы уақытта өндімділікті арттыруды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңде 150 миллионға жеткізсек, екінші кезеңде 200 миллионнан асырамыз», — дейді Қ. Жүсіпбеков.

Фабрикада тауықтар күніне 180 мың дана жұмыртқа басады.

 

«Біз өнімді Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарына және Астана қаласына сатамыз, сондай-ақ Ресейге де экспорттаймыз. Қазіргі кезде Тәжікстан және Ауғанстан елдерімен келісім жасасу үстіндеміз», — дейді Қ. Жүсіпбеков.

Айта кетейік, құс фабрикасы соңғы жылдары тоқырауға ұшыраған болатын. 2017 жылдың сәуірінде саудаға түскен кәсіпорын жаңғыртылып, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.  


Оқи отырыңыз:

Гватемалада жанартау атқылауы салдарынан 65 адам қаза тапты

Желіде “танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген гей” деген ақпарат тарап жатыр
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі
Соңғы жаңалықтар