СҚО-да бір тәулікте шыққан өрт 6 адамның өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да бір тәулікте шыққан өрт 6 адамның өмірін жалмады

СҚО-да бір тәулікте шыққан өрт 6 адамның өмірін жалмады

Солтүстік Қазақстанда бір тәулікте алты өрт шығып, алты бірдей адам көз жұмды. Олардың екеуі әкесі мен ұлы болса, екеуі төрт және екі жастағы бір үйдің балалары. Тағы екі бүлдіршін мен олардың әжесін көршілері мен өрт сөндірушілер аман алып қалды.

  • 11 Қазан 2013
  • 285
Фото - Caravan.kz


Өртке оранған екі бөлмелі пәтердің есігін ашқанда бір жасар сәби босағаға  өзі еңбектеп жеткен екен. Оның бес жастағы әпкесі де бірден сыртқа ұмтылған. Ал төргі бөлмеде түтінге тұншығып қалған екі сәбиге көршілер көмектесе алмады. Өрт сөндірушілер араға біраз уақыт салып олардың өлі денелерін сыртқа шығарды. Оттың шығуына балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болыпты. Ал Тайынша ауданының Аққұдық ауылындағы өрттен 50 жастағы ер адам мен оның жеті жасар ұлы көз жұмған. Сондай-ақ, жалын шарпыған мына кепеден құтқарушылар қаңғыбас әйелдің мүрдесін тауыпты.   Ал мына жер үйде бүгін түнде жалғыз тұрған ер адам жанып кетті. Денесінің күйгені сонша, мамандар тапқан сүйек қалдықтарының адамға, не жануарға тиесілі екенін анықтау үшін сараптамға жіберуга мәжбүр болған.