СҚО-да гастарбайтерлер мінген автобус аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да гастарбайтерлер мінген автобус аударылды

СҚО-да гастарбайтерлер мінген автобус аударылды

Солтүстік Қазақстан облысында 70-ке жуық жолаушысы бар автобус аударылып, ондаған адам ауыр жарақат алды. Барлығы Өзбекстан азаматтары. Мәскеуден напақасын айырып, елдеріне оралып келе жатқан  беттері екен.

  • 13 Қараша 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Оқиға бүгін таңертең Петропавлдан 60 шақырым жерде болған. Көктайғақта 37 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус аударылып кеткен. Салдарынан оннан астам жолаушы түрлі жарақаттарымен Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Ал сапарларынан қалған өзге өзбектерді жол сақшылары жақын маңдағы ауыл мектебінің спорт залына орналастырыпты. Жеңіл жарақат алғандарына дәрігерлер осы жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауыл әкімдігі жолынан қалған ала шапанды ағайындарды ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. Ал ауруханаға жатқызылғандардың арасында бұғанасын сындырған балалар мен құрсағында алты айлық шаранасы бар жүкті әйел де бар.


-Жол көктайғақ болды.Соның кесірі …