СҚО-да газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасы көз жұмды

СҚО-да газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасы көз жұмды

Жер үйде газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасы көз жұмды.

  • 12 Ақпан 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған. Қаза тапқандар арасында 4 жасар бүлдіршін де бар. Абырой болғанда, үйдің үлкені сол күні әжесіне қонуға кеткен екен. Оның жағдайы қалай?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  

Оқиға  бүгін таңертең болған. Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы — Булаев кентіндегі жер үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат жетіде түскен.  Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйге жеткенде,  баспананың шатыры лаулап жатқан.  Құтқарушылардың  іске кірісе бергені сол екен, аяқ астынан  газ баллоны жарылып, үйдің шатыры опырылып түскен.

Құтқарушылар өрттің  ішінен  төрт адамның мәйітін шығарған.  Бұл үйде екі баласы бар  жас отбасы тұрыпты. Сол күні үйдің үлкені — 7 жастағы қыз  әжесіне қонуға кетіпті. Есесіне , ажал айдап келген бе, өрт шыққан үйде отағасының  17 жастағы  балдызы қонып қалған.  Төрт адамның өмірін жалмаған отты ауыздықтауға ауданның барлық өрт сөндірушілері жұмылдырылған.  Құтқарушылар хабардың кеш түскенін, қатты аяздың қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтауға қолбайлау болғанын айтып ақталды.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН  ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


«Үй электр тоғына қосылған, оның үстіне қазір аймақта қатты аяздар тұр. Сондықтан күні-түні пеш жағылған болуы  керек. Біздің ойымызша, өрт сол пештен шыққан. Оқиғаның нақты  себебі  барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң белгілі болады».

Тірі қалған үйдің үлкені қазір әжесінің қарауында.  Онымен психологтар жұмыс жасап жатыр. Екі қызы,  немересі мен күйеу баласынан бір түнде айрылған қарияның халі де қазір дәрігерлер бақылауында.  Отағасының әйелі мктепте мұғалім болып жұмыс істеген екен. Үлгілі отбаының төрт бірдей мүшесін жерлеуге аудан халқы жұмылып қаржы жинап жатыр екен.

Соңғы жаңалықтар