СҚО-да кейбір кәсіпорындар екі жылдан бері жалақы төлемеген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да кейбір кәсіпорындар екі жылдан бері жалақы төлемеген

СҚО-да кейбір кәсіпорындар екі жылдан бері жалақы төлемеген

Өңірде 2017 жылы 53 өндірістік жазатайым оқиға болып, 56 адам зардап шеккен, ал 9 адамның өмірі қиылған.

  • 14 Ақпан 2018
  • 147
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 2017 жылдың қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Облыс аумағында екі жылдан астам уақыттан бері жалақы төлеу бойынша қарызын өтемей келе жатқан екі кәсіпорын бар. Жамбыл ауданындағы «Қайранкөл Астық» ЖШС 35 жұмысшысына 13,3 миллион теңге қарыз, ал «Николаевское ХПП» ЖШС 25 жұмысшыға 2,6 миллион теңге төлеуі тиіс», — дейді ведомствоның басшысы Қайрат Пішенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылы жалақының дер кезінде берілуі бойынша 25 ұйымда жүргізілген тексерістер кезінде олардың жалпы 332,7 миллион теңге қарызы бар екені анықталған. Жалақыдан қарызы бар ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы 6,2 миллион теңге айыппұл салынды.

Өңірде 2017 жылы 53 өндірістік жазатайым оқиға болып, 56 адам зардап шеккен, ал 9 адамның өмірі қиылған.


Еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласында жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша ережебұзушылықтар жиі кездеседі.

«Жұмыс берушілерге жалпы 311 ескерту берілді, 179 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы 31 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды», — дейді Қ. Пішенбаев.

Соңғы жаңалықтар