СҚО-да мал шаруашылығы дамып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да мал шаруашылығы дамып келеді

СҚО-да мал шаруашылығы дамып келеді

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов СҚО аудандарының агроқұрылым жетекшілерімен кеңестер өткізіп жатыр.

  • 17 Маусым 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Онда 2015-2017 жылдары мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқылануда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Аграршылар заңнамада ауыл шаруашылығының бұл саласын дамытуға қатысты өзгерістермен, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қазіргі құралдарымен таныстырылуда. Кездесулерде СҚО әкімі сондай-ақ лайықты жалақының маңызына көңіл аударып отыр. Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына инфляцияны есепке ала отырып, жұмыскерлердің жалақысын көтеру мәселесін қарастыруға кеңес берді», — делінген хабарламада.

Көптеген солтүстікқазақстандық шаруалар мал шаруашылығын дамыту жұмысын бастап кетті. Мәселен, Аққайың ауданындағы Павел Леоновтың шаруашылығында ірі қара малдың саны қазіргі кезде 585 басты құрап отыр. Шаруа қожалығының басшысы алдағы үш жылда мал санын 1 500 басқа дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады.

«Леонов» ШҚ тұқымдық репродукторды құрып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді бастау жоспарын көздеп отыр. «Болашақта — сүт өңдеу ісі. Егер онымен айналыспасақ, тиімділік болмайды. 2016 жылы тәулігіне шамамен 10 тонна сүтті өңдейтін цехты іске қосу жоспарымыз бар», — деді Павел Яковлевич. Шаруа қожалығының басшысы барлық жоспарларды мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асыру мүмкін екеніне сенімді.

Мамлют ауданындағы «ИшимАгроНорд» ЖШС-нің басшысы Игорь Гришанов алдағы үш жылда өз шаруашылығындағы мал санын 5 000 басқа дейін өсіруді жоспарлап отыр. Биылғы жылдың өзінде агроқұрылым ірі қара малдың 500 басын сатып алмақшы.


Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Аманат-Агро» ЖШС мал шаруашылығын дамытуға енді кірісті. Әзірге ондағы ірі қара малдың саны 84 басты ғана құрайды. Алайда үш жылда 1 000 басқа дейін көбейту жоспары бар. Компанияның басшысы Ерік Ержанов малдың алғашқы легін ферма дайын болған соң сатып алатындарын айтады.

Кездесудің қорытындылары бойынша облыстың әрбір ауыл шаруашылығы құрылымының басшысымен тиісті келісім жасалады.